8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2021 1013 0
Қоғам

ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕНДЕТІЛМЕЙДІ

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Бұл құжат Парламент депутаттарының бастамашылығымен әзірленді.

«Бүгінгі таңда әлемдік практикада қашықтан жұмыс істеу белсенді даму үстінде, сондай-ақ жұмыскердің аралас жұмыс істеу режимінде жұмыс істеуді үйлестіруінің құқықтық мүмкіндігі кеңінен таралған. Коронавирустың таралуына дейін жүргізілген халықаралық зерттеулерге сүйенсек, 2020 жылдың басында әлемдік компаниялардың 16%-ы толығымен қашықтан жұмыс істеді, ал 40%-ы аралас жұмыс режимін қолданды. Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы, қызметкерлердің орта есеппен 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне алып келді», – деді Сенат депутаты Нариман Төреғалиев заң жобасын бірінші оқылымда қарау кезінде.

Оның айтуынша, елімізде қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі, пандемия кезеңіндегі еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтықты көрсетті. Аталған мәселелер қолданыстағы Еңбек кодексінің 138-бабымен ғана реттелді, ол өз кезегінде бүгінгі қашықтан жұмыс істеу проблемаларын толыққанды шешуге мүмкіндік бермеді. Анықталған олқылықтарды ескере отырып депутаттар бірқатар ұсыныс жасады.

«Атап айтқанда қашықтан жұмыс істеуге ауысқан қызметкерлердің тап болған өткір мәселелерінің бірі – коммуникация құралдарымен, компьютерлермен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету болатын. Осыған байланысты заң жобасында көзделген нормаға сәйкес, төтенше жағдайды енгізу, жариялау және шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Егер жұмыскер өзінің коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланатын болса, жұмыс беруші өтемақы төлей алады, оның мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдері тараптардың келісуі бойынша белгіленеді», – деп түсіндірді сенатор.

Келесі тағы бір норма, тараптардың келісуі бойынша қашықтан және қашықтан аралас жұмыс істеу ұғымдарын енгізу туралы. Аралас жұмыс істеу жұмыс кезеңдерін жұмыс беруші орналасқан жерде де, одан тыс жерде де кезектестіруге мүмкіндік береді. «Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында еңбек шартында жұмыс уақытының тіркелген есебін белгілеу жөніндегі норма көзделді, осы уақыт ішінде жұмыскер жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығының шектеулерін сақтай отырып, жұмыс уақыты шегінде жұмыс берушімен байланыста болу үшін қолжетімділік режимінде болуға тиіс. Бұл ретте, еңбек шарты тараптарының келісуі бойынша қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдана отырып, икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін.

Сонымен бірге, орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда жұмыс берушіге, қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді. Жұмыс берушінің, жұмыскерлер қашықтықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасасу құқығы бекітілді», – деді Нариман Төреғалиев.

Оның пайымынша, заң жобасының қабылдануымен қашықтан жұмыс істеуді нақты регламенттеу және еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетін болады.

https://www.inform.kz/kz/kashyktan-zhumys-isteytin-kyzmetkerdin-zhalakysy-tomendetilmeydi_a3804718

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
117 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
115 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
597 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
675 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
686 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
716 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
732 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1102 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1230 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1262 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1537 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1545 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1679 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1970 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2070 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2094 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2305 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»