8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қазан 2018 3152 0
Қоғам

Археологиялық зерттеулер нәтижелі

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асырылып жатқан тарихи-археологиялық жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатындағы бірлескен жұмыстар барысын талқылау шеңберінде университет пен Шыңғырлау ауданы әкімдігі екіжақты меморандумға қол қойды. 

Ағымдағы жылы маусым айында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Серғалиевтің тікелей қолдауымен университеттің «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері, т.ғ.к. М.Қалменовтың жетекшілігімен Шыңғырлау ауданына қарасты Сегізсай «Лебедевка» кешенінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Бұдан бұрын 1970 жылдардың екінші жартысы мен 1980 жылдардың басында Б.Железчиков пен В.Кригердің жетекшілігімен А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты (М.Өтемісов атындағы БҚМУ) археологиялық экспедициясы осы ауданда ірі масштабты қазба жұмыстарын жүзеге асырған. Жиында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Серғалиев Батыс Қазақстан аумағы Еуразия құрлығының тарихи-мәдени құндылықтары жағынан маңызды орын алатынын атап өтті. Орал таулары мен Каспий, Арал теңіздері арасында орналасқан аймақ Еуропа мен Азия көпірі бола тұра ежелгі заманнан бері көптеген халықтар мен тайпалардың миграциялық жолы болған. Бүгінгі таңда археологтардың жаңа зерттеулері нәтижесінде көптеген халықтар мен тайпалардың миграциялық жолы болған. Бүгінгі таңда археологтардың жаңа зерттеулері нәтижесінде көптеген ежелгі мәдениет ескерткіштерінің табылуы бұл жерде бағзы замандарда халықтар мекендегеніне бұлтартпас дәлел болып отыр. Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиевтың айтуынша, ауданның Қаратөбе ауданымен шектескен аумағында бірнеше шақырымға созылған Есен-Амантау үстіртінде көптеген мыңжылдықтар бойына көшпелілер тұрғызған жүздеген үйік-обалар ­– орасан зор ежелгі зерттеу ескерткіштері сақталған. Жалпы Сегізсай үйік-обалары археологтар назарына ХХ ғасырдың 60 жылдарының аяғында өлкетанушы Г.Багриковтың әуесқойлық қазба жұмысы кезеңінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың басына жататын көшпелі ақсүйектердің бай жерлеу дәстүрін ашуымен түскен. Елбасының «Болашаққа бағдар ­– Рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін университеттің тікелей қолдауымен зерттеу жұмыстары қайта қолға алынған. Өйткені 2017 жылдың аяғында аудан орталығынан тарихи-өлкетану музейі ашылған. Музейді жәдігерлермен толықтыру мақсатында толыққанды зерттеу жұмыстары бірлескен түрде жалғасын табатын болады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»