8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Тамыз 2019 3735 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ережесі мен құрылымын бекітті. Оны дайындау кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттағы алдын алудың, ағартудың және шаралардың ұтымды үйлесуіне негізделген шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы барынша табысты органдардың моделі негізге алынды. Агенттіктің алдағы миссиясы туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет айтып берді. 

– Агенттіктің миссиясы – Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою.  Біз азаматтарды және мемлекеттік институттарды сенімді қорғай білетін кәсіби, ашық, тиімді әрі нәтижелі құқық қорғау органының мәртебесіне толықтай сәйкес болу үшін, бастаған жұмысымызды жалғастырамыз. Бұл үшін әділдік, парасаттылық және сенім сияқты басты құндылықтарға сүйене отырып жұмыс жасаймыз, – деді Н.Сәмет

Агенттіктің жаңа құрылымынан жаңаүш департамент құрылып отыр. Атап айтқанда, Жемқорлықтың алдын алу департаменті, Парасаттылық департаменті, Серіктестік департаменті.

Жемқорлықтың алдын алу департаменті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізумен, оның себептері мен жағдайларын, әкімшілік кедергілер мен бюрократтық рәсімдерді кезекті түрде жоя отырып, жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасаумен айналысады. Парасаттылық департаментінің алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқық танымын қалыптастыру, әдептілікке және сатылмаушылыққа баулу, сондай-ақ Агенттіктің жобаларын үйлестіру міндеттері қойылған. Серіктестік департаменті жұртшылықпен, БАҚ-пен өзара іс-қимылға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселесі бойынша жауапты. Бұл – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қойып отырған талаптарына сәйкес келеді.

Нұрдәулет Сәмет атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бастамалары анық айқындалған құндылықтар призмасы арқылы іске асырылатын болады. Бұл – әділдік, сенім және парасаттылық.

Бүгінгі таңда бизнес пен инвесторды қолдауға арналған «Protecting Business and Investments», өскелең ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ», жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Саналы ұрпақ», темір жолдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға арналған «Адал жол» жобалары жүзеге асырылуда. Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарын тарту мақсатында Арнайы мониторинг топтары қызмет етуде. Бүгінгі күнде олар жоғары оқу орындар мен колледждердің студенттерді мемлекет есебінен грантқа қабылдау емтихандарына мониторинг жүргізуде. Бұл жобалардың барлығы «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасымен үйлестірілуде, олардың жүзеге асырылуы туралы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарықтандырылуда. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау, оларды жою бойынша нақты шаралар әзірлеу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізілуде.

– Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, Ақжайық ауданының білім беру бөлімінде, Бөрлі ауданының жұмыспен қамту бөлімінде, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінде, табиғи монополияларды реттеу департаментінде жүргізілді.Талдау нәтижелері жұртшылық пен БАҚ-тың қатысуымен кеңінен және ашық талқылануда. Мұндай тәсіл ведомстволық мүдделерден алшақтауға және қоғамның қажеттіліктеріне барынша нақты сәйкес келетін шешімнің дәл сол жолдарын айқындауға мүмкіндік береді, – дейді өңірдегі департамент басшысының бірінші орынбасары.

Оң мысал ретінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін алуға болады. Талдау қорытындысы бойынша мүгедектерді тасымалдаумен айналысатын таксилердің бақыланбауы, инватаксиде орындалған жұмыстар туралы актілерді жалған болуы сынды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған еді. Қазір облыс әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша ИнваТакси маршруттарын қадағалау және жолаушыларды тіркеу үшін Мобильдік қосымша әзірлеуде. Бұл қосымша ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында іске қосылады. Нұрдәулет Ілиясұлының айтуынша, бұл жобаның республикада баламасы жоқ.

– Бұл бағыттағы тағы бір басты мәселе – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларын сүйемелдеу және мониторингілеу. Бүгінгі таңда бұл құрал формальды түрде жұмыс істейді, оны мемлекеттік органдар белгі үшін жүргізеді. Сондықтан да біздің міндетіміз – бұл жұмысты дұрыс үйлестіру, олардан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін нақты анықтауды қамтамасыз ету, – деп толықтырды Нұрдәулет Сәмет.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 20 мамырдағы кеңесте берген тапсырмасы бойынша Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бірқатар тұжырымдамалық жаңа құралдарын пысықтауда. Бірінші басшылардың бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық жағдайында орнынан түсуін енгізу, кірістер мен шығыстар туралы декларацияларды жариялау міндеттілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі, парасаттылығына тексеру институтын енгізу және т. б. Сонымен қатар, Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіруді, сыбайлас жемқорлық бойынша шаралар қолданбағаны үшін дербес тәртіптік жауапкершілікті енгізуді және т. б. көздейтін заң жобасы қаралады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
154 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
184 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
439 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
919 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1296 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1180 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1655 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2273 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2436 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2445 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2496 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2499 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2096 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2978 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3030 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3025 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3642 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3607 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3598 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3573 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3734 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»