«Әбілқайыр хан және Бопай ханым» тарихи кітабы таныстырылды
Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының конференц залында «Әбілқайыр хан және Бопай ханым» атты тарихи кітабының тұсаукесері өтті.

Тарихи деректер жинастырылған аталмыш кітапта Кіші жүздің ұлы ханы, ХVIII ғасырдағы қазақ сардарларының Бас қолбасшысы, сұңғыла саясаткер, мәмілегер Әбілқайыр хан мен оның жұбайы, ұлттың ұлы аналарының бірі Бопай ханымның тұлғалық қасиеттері жан-жақты зерделенген. Бұл еңбек қос тұлғаның дүниеге келгендеріне 325 жылдығына арналған тамаша тарту болды. Кітап авторы – Бекет атаның тікелей ұрпағы, туған жері Ақмешіттегі мешіттің шырақшысы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ислам қажы Мырзабекұлы.
Орталық директоры Бауыржан Халиолла құттықтау сөз сөйлеп, шараны ресми ашып берді. Тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы мен Алаштанушы Дәметкен Сүлейменова оқырман қауымға жол тартқалы тұрған кітапқа ақ жол тілеп, ізгі ниетін білдірді.
Тарихшы Жаңабек Жаңабайұлы мен белгілі журналист, журналист Қазбек Құттымұратұлы кітаптың тұсауын кесті. Бауыржан Ергенұлы автордың иығына шапан жауып, естелік сыйлық табыс етті.

Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу