БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН БАС ҚАЛАҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
ІІ қиындықтағы категориялы веложорық Астана қаласының 20 жылдығы аясында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының бастамасымен ұйымдастырылуда. Жорық бүгін Орал қаласынан бастау алды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Айтқалиева мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Виктор Фомин және батысқазақстандықтар мән-маңызы ерек жолға аттанған туристерге ақ жол тілеп, шығарып салды.

Жорықшылар алты адам – облыстық және Ақжайық аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының, Бөрлі, Сырым аудандары жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтары. Астанаға сапар «Евразия» туристік сауықтыру кешенінен бастау алды.
– Бүгін «Евразия» балалар елінен» алты озатымызды шығарып салудамыз. Ұзақ жолды велосипедпен жүріп өтуге әлі ешкімнің батылы жеткен жоқ. Сондықтан осы шешімді қабылдаған жерлес-әріптестерімізді мақтан етеміз. Тарихи сәтке куә болып тұрған өрендерімізді де болашақта осы қатардан көргіміз келеді. Дәстүріміз бойынша жорықшыларға ақ жол тілеймін, – деді Виктор Павлович.


Велосипедшілер Орал – Ақтөбе – Тобыл – Қостанай – Есіл қалалары арқылы өтіп, тамыздың 3-ші жұлдызында Астанаға жетеді деп күтілуде. Мақсат –велосипед туризмін дамыту, өлкетану ісіне баулу. Жорық аясында олар әр қалаға тоқтап, туризм орталықтарында болады. Әрі сол жерлердің тарихи жерлерін тамашалау, тарихи-мәдени ескерткіштермен танысу жайы да тыс қалмайды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай алыс қашықтықтағы жорық алғаш рет қолға алынып отыр. Жорықшылар әр күні 100 шақырымдай жүріп, 20 күнде 2000 шақырымды еңсермек. Тамақ-су, киім сынды жүктері өздерімен бірге. Ұзақ сапар алдында бір ай көлемінде дайындық жүргізілген. Алдағы жүретін жолдар да зерттелген.
– Шеберлікті шыңдау масатындағы дайындықтар жасалды. Күніге Тасқала, Теректі аудандары бағытында 30-40 шақырымдай велосипедпен жүріп, дайындалдық. Негізінен ұзақ жолға қарапайым велоспедтер жақсы. Бірақ, Ақтөбеге қарай таулы жол көп. Ал үлкен жүкпен қарапайым велосипед арқылы жоғары шығу қиындау. Сондықтан екі жаңа велосипед алынды, – дейді жорық мүшесі, облыстық орталықтағы туризм бөлімінің әдіскері Медет Нәсіпқалиев.
Атап өтейік, қазіргі уақытта облыс аумағында оқушылар арасында І категориялы велосипед жорығы өтуде. Қазталов ауданынан бастаған жорықшылар 385 шақырымды жүріп өтіп, Тасқалаға жеткен. Бұйырса, 17 шілдеде Оралға келмек.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу