ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР МЕН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕНДЕРДЕ АЛАЯҚТАР КӨП
Батыс Қазақстан облысы аумағында ғаламтор кеңістігіндегі қылмыстардың жолын кесу мақсатында республикалық «Hi-tech» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Интернет-алаяқтық қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Мәселен, ақпан айының басында Орал қаласының тұрғыны «OLX» ғаламтор ресурсына орналастырылған төмен бағадағы үйге алданып, алаяқтардың құрбаны болған. Алаяқ өзін қаладан тыс жерде екенін және клиенттің ақшасы бар екеніне сенімді болуы үшін ақша бар шотты сұраған. Оған шын сенген сатып алушы мәліметтері жазылған шот көшірмесін жолдайды. Осы деректерді пайдаланған алаяқ шоттағы ақшаны басқа шотқа аударып жіберген. БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Марат Сүгіровтың айтуынша, мұндай қылмыстарды ашу белгілі уақытқа созылады. Өйткені интернет-алаяқтардың басым көпшілігі басқа аймақтардан болады екен.
– Жыл басынан бері БҚО ПД криминалдық полиция «К» бөлімшесі қызметкерлері Астана, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларына қызметтік іссапарға жіберіліп, 12 қылмысты жасады деген күдіктілерді ұстады. Олар ғаламтор ресурстарына пәтерге жіберу, киім немесе алтын бұйымдар сату, жұмысқа орналасуға көмектесу туралы жарнамалар орналастырып, хабарласқандардан алдын ала төлем сұрап отырған. Ал ақшаны аудартып алғаннан кейін, телефондарын айырып тастайды. Қазіргі уақытта факті бойынша тергеу жүргізілуде, – дейді Марат Сүгіров.
Тәжірибе көрсеткендей, «Инстаграмм», «В контакте» әлеуметтік желілері мен «OLX», «Крыша», «Колеса» сынды интернет-дүкендерінде қылмыстар жиі болатын көрінеді.
Eлмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу