ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ ҚАРАТӨБЕЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қараша айының 2-сі күні ауданымызға іс- сапармен «ӘДІЛЕТ» партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық штаб өкілдері арнайы келіп Қаратөбе ауданы жұртшылығымен кездесті.
Жиынға «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штаб өкілдері Азамат Сафималиев, Бауыржан Жантлеуов, Ерлік Шамғалиев арнайы қатысты.
– Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-сі күні біз, өзіміздің жаңа Ата заңымызды қабылдадық. Жаңа Коституцияға сәйкес көптеген өзгерістер басталды. Жалпы Парламентіміз екі палаталы болды. Жаңа Ата заңға байланысты бір палата Құрылтай болып құрылып, сайлау өтті. Құрылтай сайлауына еліміздегі барлық партиялар қатысты. Сол сайлаудың алдында «Әділет партиясы құрылды.
Енді қарашаның 29-ы күні елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтеді. Сайлауға барлық партиялар өздерінің үміткерлерін ұсынып, қатысып жатыр. Ол облыстық, қалалық, аудандық деңгейдейде өтеді.
Енді өзімдің партиямызға келетін болсақ өздеріңіз жақсы білесіздер «Әділет» партиясы бұл Президентіміздің саяси тірегі. Осы сайлауға келер алдында толығымен жан-жақты аманттар жинақталды. Халықтың қандай мәселелері шешілмей жатыр соған байланысты партия сайлауалды бағдарлама жасақтады. Ол бағдарламадағы ең бастысы «Жол картасы». «Жол картасында» не көрсетіледі: оған әр елді мекеннің, әр ауданның шешілмей жүрген мәселелері толыққанды енгізілді. Сол «Жол картасын» біз Батыс Қазақстан облысы бойынша толығымен жасақтап республикаға тапсырып, бекітік. Жол картасына сай сіздердің ауданыңызда атқарылатын көптеген жұмыстар көрсетілген. Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, 4 жаңа медициналық нысанды дамыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар электр желілерін күрделі жөндеуден өткізуге қаражат қаралды. Алдағы 2028 жылы аудан орталығынан 300 орындық мектеп салу жоспарланып отыр, -деді кездесуде алғаш сөз алған «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының сайлауалды штабының төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев.
Сөз алған штаб өкілдері » Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі басым бағыттарға тоқталып, күні кеше Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Алдағы 29 қарашада өтетін маслихат сайлауы туралы түсінік берді.Сонымен қатар алдағы 5 жылда жасалатын Қаратөбе ауданы бойынша жол картасына енгізілген құрылыс нысандарын атап өтті. Кездесуді аудандық штаб жетекшісі Нұрлан Құмарұлы жүргізді. Алдағы науқанда № 5 Жаңақоныс сайлау округі бойынша аудандық маслихат депутаттығына үміткер Серік Фариза Бауыржанқызы, № 6 Қаратөбе сайлау округі бойынша аудандық маслихат депутаттығына үміткер Қайырғалиев Мәди Аманжолұлы өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Жиын соңында сөз алған партия ардагерлері Сағынғалиев Бейбіт Есенбайұлы, Жәнібеков Еркінбек Ғаббасұлы алдағы сайлауда сәттілік тілеп, үміткерлерге ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде Қалдығайты өзеніне көпір салу, Қаладан ауылға бағдарламасын жалғастыру, аудан орталығына мектеп салу, жастарды кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету, аудандық маңызы бар жол мәселесін кезең-кезеңмен шешуді қарастыру. Жиынға қатысқан жұртшылық 29 қарашада өтетін маслихаттар сайлауына қатысып өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру


