Өңірде шомылуға рұқсат етілген 34 орын белгіленді
Батыс Қазақстан облысында алдағы шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігінің 2025 жылғы 18 шілдедегі «БҚО су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» №156 қаулысына сәйкес, өңірде шомылуға арналған 34 орын анықталған. Оның 13-і коммуналдық, 21-і жекеменшік жағажай.
Қала мен аудандар бөлінісінде Орал қаласында 3 коммуналдық және 7 жеке жағажай белгіленсе, Бәйтерек ауданында – 1 коммуналдық, 12 жеке, Бөрлі ауданында – 1 коммуналдық, 1 жеке жағажай бар. Сондай-ақ Жаңақала ауданында – 1, Жәнібек ауданында – 2, Тасқала ауданында – 4, Теректі ауданында 1 коммуналдық және 1 жеке жағажай қарастырылған.
Су айдындарының түбін тексеру және тазарту жұмыстары жағажай иелерінен түскен өтінімдер мен бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі. Қазіргі таңда жауапты мекемелерге жағажай иелерінен өтініштер қабылдануда.
Сонымен қатар балалардың жүзу дағдыларын қалыптастыру бағытында да тиісті жұмыстар қолға алынған. Бүгінде облыс аумағында 5 жабық және 34 модульдік қаңқалы бассейн жұмыс істейді. Бұл балалардың суда өзін қауіпсіз ұстауына және жүзу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталовтың айтуынша, шомылу маусымы кезінде құтқарушылар су айдындарының қауіпті және жабдықталмаған учаскелерінде патрульдеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Айта кетейік, 2026 жылы облыс аумағындағы су айдындарында төтенше жағдайлар тіркелмеген. Дегенмен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпай, тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігін ескертеді.
Құтқарушылар жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйінде суға түспеуге және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Әдемі Бақытжанқызы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру