Қала көркі – ортақ жауапкершілік: Оралда абаттандыру талаптарына бақылау күшейтілді
Орал қаласында абаттандыру ережелерінің сақталуына бағытталған бақылау жұмыстары күшейтілді. Қала аумағындағы құрылыс және кәсіпкерлік нысандарының санитарлық тазалығы мен сыртқы келбетіне қатысты талаптардың орындалуын тексеру мақсатында арнайы рейд жүргізілді.
Рейд жұмыстарына Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қатысып, бірқатар құрылыс алаңдары мен кәсіпкерлік нысандарын аралады. Тексеру барысында аумақтарды күтіп ұстау, құрылыс қалдықтарын шығару, қоршаулардың болуы, жарнамалық баннерлер мен нысан атауларының талапқа сай рәсімделуі назарға алынды.
Тексеріс кезінде бірқатар нысандарда абаттандыру қағидаларының сақталмай отырғаны анықталды. Атап айтқанда, кейбір құрылыс алаңдарында қоршаулар толық орнатылмаған, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылмаған. Сонымен қатар нысандардың айналасындағы санитарлық тазалық талапқа сай емес.
Бұдан бөлек, кейбір кәсіпкерлік нысандарында сыртқы жарнамалар мен ақпараттық баннерлердің белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделмегені анықталды. Қала келбетін қалыптастыруда мұндай ұсақ көрінетін мәселелердің де маңызы зор. Себебі әрбір нысанның сыртқы бейнесі шаһардың жалпы сәулеттік келбеті мен тазалығына тікелей әсер етеді.
Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев нысан иелері мен жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою қажеттігін ескертті. Сонымен қатар «Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын» қатаң сақтау міндетті екенін атап өтті.
Егер берілген мерзім ішінде кемшіліктер жойылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жауапты тұлғаларға айыппұл салынады.
Қала тазалығы мен абаттандыру талаптарын сақтау – тек жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, барша тұрғындар мен кәсіп иелерінің ортақ міндеті. Таза әрі көрікті қала қалыптастыру әрбір азаматтың жауапкершілігі мен жанашырлығынан басталады.
Осыған байланысты Орал қаласының тұрғындарын, кәсіпкерлерін және құрылыс нысандарының иелерін белгіленген талаптарды сақтауға, өз аумақтарын таза ұстауға және қаланың көркеюіне үлес қосуға шақырамыз!
Жайық үні
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру

