8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2026 58 0
Мәдениет

Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат

Жеңіс күні қарсаңында Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры сахнасында ел жадында өшпес із қалдырған майдангер Сабаз Арыстановтың тағдырына арналған «Сабаз» деректі драмасы қойылды.

Қойылымның басты өзегі – сұрапыл соғыстың от-жалынынан аман өтіп, елге жеңіспен оралған жауынгердің тағдыр жолы. Архив деректеріне, тарихи құжаттарға сүйене отырып жазылған шығарма Қызыл Жұлдыз ордені, III дәрежелі Даңқ ордені мен «Ерлігі үшін» медалінің иегері Сабаз Арыстановтың өмір жолына арналған.

«Сабаз» пьесасының көрермені болған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев театр ұжымына ықылас гүлін табыс етіп, шығармашылық құрамның еңбегіне жоғары баға берді.

– Бүгін Сабаз ағамызға арналған қойылымды тамашаладық. Мен қателеспесем, үшінші рет көрсетіліп отыр. 2024 жылы алғаш көрерменге ұсынылған. Ол кезде қарбалас, қиын кез болды. Көргім келіп, бірақ қолым тимеді. Сабаз батыр туралы Мира Хамзақызының кітабын оқып шыққан болатынмын. Соғыста ерлікпен елін қорғаған Сабаз Арыстановтың майдандағы өмірін жазған автор мен театр ұжымына алғыс айтамын. Бір майдангер ағамыздың образы арқылы барлық елім, жерім деген аға-апаларымыздың бейнесін көрдік. Жастар ата-апалары батыр екенін өмір бойы естерінде сақтап жүретін болады, – деді өңір басшысы Н.Төреғалиев. Сондай-ақ өңір басшысы театр ғимаратының жөндеу жұмыстары жақында аяқталатыны жайлы жағымды жаңалықты хабарлады.

Пьесаның авторы – Мира Шүйіншәлиева кеш барысында сөз сөйлеп, қойылымның режиссері – Өнертану магистрі Алмат Шариповке, театр ұжымына ризашылығын білдірді.

«Зенит» Мәдениет үйінің сахнасында қойылған «Сабазды» Орал қаласының әкімі М.Байменов те көрерменмен бірге көрді. 8 мамыр күні театр С.Досановтың «Мәншүк» пьесасын көрерменге ұсынады.

«Сабаз» – өткенге тағзым ғана емес, бүгінгі жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік рух ұялататын, ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын ұғындыратын тағылымды туынды.

Д. Талғатқызы

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
04 Мамыр 2026
58 0
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
43 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
44 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
186 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
229 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»