«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
23 сәуір күні Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында облыстық форум аясында арнайы көрме өтті. Алаңда Орал қаласы мен облысқа қарасты аудандардың киіз үйлері тігіліп, әр өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдері, ұлттық тағамдары, қолөнер бұйымдары мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің басты мақсаты – ауыл еңбеккерлерінің еңбегін дәріптеу, жергілікті өнім өндірушілерге қолдау көрсету және ауыл кәсіпкерлігінің әлеуетін таныстыру. Әр аудан өзіне тән өнімдері мен жетістіктерін көрсетіп, ұлттық дәстүр мен заманауи кәсіпкерліктің үйлесімін паш етті.
Сондай-ақ көрмеде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қолдау алып, бүгінде кәсібін дамытып отырған ауыл тұрғындарының өнімдері де қойылды. Бұл бағдарлама ауылдағы шағын кәсіптің өркендеуіне, тұрғындардың табысын арттыруға және жергілікті өнімге деген сұранысты күшейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев көрмеге қойылған жобалармен және өнімдермен танысып, ауыл кәсіпкерлерінің еңбегіне оң бағасын берді.
Көрме ауылдың бүгінгі тынысын, еңбек адамдарының ізденісін және ұлттық құндылықтарға деген құрметті айқын көрсетті. Осындай бастамалар ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға серпін береді.
Жайық үні
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала
«Начни с себя»: встреча с молодежью в рамках идеологии «Таза Қазақстан»
Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп: БҚО-да 25 елді мекен ішімдіктен бас тартты
Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді – жол қауіпсіздігі шаралары қаралды
Премьер-министрдің төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде ВАК отырысында көші-қон жағдайы қаралды
Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды
БҚО-да қылмыстық схема әшкереленді: жастардың нашақорлыққа тартылуына жол берілмеді

Кіру



