Шаһар күніне – ауқымды шара!
Жылдағы дәстүр бойынша биылғы Қала күнін атап өту аясында жоспарланған іс – шаралар туралы Орал қаласы әкімінің орынбасары Асылан Тапишев бүгін журналистерге мәлімдеді.
9-қыркүйек, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының ұйымдастыруымен өткен брифингте Қала күніне арналған іс – шараларға ерекше тоқталған қала әкімінің орынбасары А. Тапишев биылғы бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» идеясымен үндесіп, еңбек адамын дәріптеуге, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталып отырғанын айтты. Шаһарға қатысты шаралар қыркүйек айының соңына дейін жүзеге асып, жалпы жоспарға елуден астам іс – шара енгізіліпті.
Атап айтқанда, 11 қыркүйек, сағат 19:30-да «Атамекен» өнер ордасында жас ақын Дәурен Шамұратовтың шығармашылық кеші, 12 қыркүйек, сағат 18:00 – де ҚР Тұңғыш Президент алаңында жастардың «ORAL JASTARY» фестивалі болады. Дәл сол күні кешкі 19:30 – да Жұбан саябағында «Түнгі кітапхана» атты әдеби – поэзия кеші өтеді. Ал 14 қыркүйекте «Жайық жүйрігі – 2025» атты бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты 10:00 – де «Ақжайық» шағын ауданындағы атшабар алаңында басталады.
16 қыркүйек, 20:00- де Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында «Әуенге толы Ақжайық түні» атты классикалық музыка кеші, 18 қыркүйек, сағат 11: 00 – де Жастар мәдениет сарайында «Тартынбай сөйлер асылмын» атты облыстық оқушылар айтысы өз көрерменін күтеді. Абай алаңында «Әсем өлкем – Ақжайық» атты жергілікті ақын, композиторлардың шығармаларының ән – фестивалі болады. (Басталуы 18 қыркүйек, сағат 20:00)
19 қыркүйек, сағат 09:00 – де «Салтанат сарайы» маңында «Анаға тағзым» атты кіші сәулет формасы ашылады. Бұдан соң Жастар мәдениет сарайында «Еңбегі жанған арулар» атты іскер әйелдер форумы болады. (сағат 10.00)
Сондай –ақ, Д.Нүрпейісова атындағы арбатта «Сапалы өнім» жергілікті тауар өндірушілер көрмесі өтеді. «Орал» спорт кешенінде дәстүрлі «Достық -Дружба» волейбол турнирі сағат 11.00- де басталады. Сол күні 16:00- де ҚР Тұңғыш Президент алаңында «ORAL CUP» арқан тартыстан қалалық чемпионат. Мәдениет және демалыс саябағында «Тарихқа тұнған саябақ» атты мерекелік концерт. (сағат 20.00)
20 – қыркүйекте де қала тұрғындары үшін аса маңызды шаралар жалғасып, Жайық өзені жағалауында жаңа сквер ашылады. Оралдың әр ауданында жаңа демалыс орындарының ашылуы болады. Кешкі сағат 20:00 – де «Туған қалам – Орал» атты Гала концертке ұласатын шарада «Жасыл қала» экологиялық байқауы, «Үздік болашақ жұмысшы мамандық иесі» және үздік шығармашылық жұмыстар байқауларының жеңімпаздары марапатталады.
Сонымен қатар спорттық турнирлер, экологиялық акциялар, еңбек жәрмеңкелері, отбасылық сайыстар өткізіледі. Бұдан бөлек, арнайы имидждік бейнероликтер қаланың орталық көшелеріндегі LED – экрандарда, әуежайда, автобус аялдамаларында, әлеуметтік желілерде көрсетіледі.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру