8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Шілде 2025 1584 0
Қалалықтар қаперіне

Зашағандықтармен кездесті

Кеше,шілденің 17-сі күні Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Зашаған кентінің тұрғындарымен кездесті. Қалалық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, кент әкімі және жауапты мекеме өкілдері қатысқан жиында
Зашаған кентінің әкімі А.Әубекеров инфрақұрылымдық және абаттандыру жұмыстары туралы баяндап, жолдарға жүргізілген жөндеу жұмыстары мен дайын жобалар жөнінде мәлімдеді. Аталмыш кент аумағында 3417 көше жарық шамы орнатылған, балалар ойын алаңдары жаңартылуда, сондай-ақ 2025 жылы 500 түп ағаш отырғызылғаны және
үш стихиялық
қоқыс орны анықталып, тазартылғанын жеткізді. Бұл мәселені болдырмау үшін бейнебақылау камераларын орнату ұсынылды.
Тұрғындар көтерген Талдысай көшесіне су жиналу мәселесі бойынша арық жүйесін салу жоспарда бар екені және «Зачаганский» (Құс фабрикасы) бау-бақша серіктестігі аумағын қала құрамына қосу мәселесі қозғалып, бұл жұмыс бір күнде шешілмейтінін, кезең-кезеңімен қаралатынын айтқан шаhар басшысы осы орайда
су, газ, жарық мәселелері де алдағы уақытта жауапты мамандармен бірге шешілетінін жеткізді.
Ақжайық шағын ауданы тұрғындарының 9-маршрут бағытын мектеп жаққа бұру ұсынысы туралы тапсырма берілетін болды.
Жиыннан соң шаһар басшысы М. Болатұлы тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.
Еске сала кетейік, Орал қаласы әкімімен кездесу 18-шілде сағат 17.00-де Жастар Мәдениет үйінде өтеді.
«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
282 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»