8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2025 1034 0
Қалалықтар қаперіне

Рейд жұмысы күшейді

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында рейдтік шаралар жалғасуда.
Анықталған бұзушылықтар қатарында: қоғамдық орындарға қоқыс тастау, қоқыс контейнері маңына қоқыс үйіп кету, ұйымдар мен мекемелер маңындағы аумақты ластау, қоғамдық орында алкоголь ішу, ұсақ бұзақылық әрекеттері бар. Тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптары бойынша жауапкершілікке тартылуда: 437-бап – абаттандыру ережелерін бұзу, 505-бап – санитарлық нормаларды бұзу, 440-бап – қоғамдық орында алкоголь ішу, 434-бап – ұсақ бұзақылық.
Қалалық полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдауды жалғастырады. Бейнебақылау жүйелері тәулік бойы жұмыс істейді және қоғамдық орындардағы келеңсіз әрекеттерді тіркейді.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын тәртіпке шақырып, тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертеді!
«Жайық Үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
133 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»