8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Маусым 2025 1190 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-да жаңа үлгідегі 10 қоғамдық автобус желіге қосылды

Орал қаласының автобус паркі заманауи, жайлы және экологиялық талаптарға сай қоғамдық көліктермен толықты. «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС автопаркіне үлкен класты «Yutong» маркалы 10 жаңа автобус сатып алынып, бүгіннен бастап қалаішілік бағыттарға қатынай бастады.Аталған автобустар – Қазақстанда құрастырылған жаңа буын көліктер. Жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін техника жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге бағытталған. Автобустар салқындату жүйесімен, электронды табломен, автоматты төлем жүйесімен жабдықталған және 5 бейнебақылау камерасымен қамтылған. Бұл – жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті күшейтудің маңызды тетігі.Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттілігі де ескерілген – автобустарға пандус орнатылған.Жаңа көліктер облыс орталығында екі бағытта жолаушыларға қызмет көрсетеді.Бұл туралы мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі нөмірінен таныс боласыздар.
Айнара ИСА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
282 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»