Жаңа кәріз-сорғы станциясы іске қосылды
Орал қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба – жаңа кәріз-сорғы станциясы іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен қала әкімі Мұрат Бәйменов қатысты.
Жобаға шамамен 2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген. Мамандардың айтуынша, станцияның қызмет ету мерзімі 50-60 жылға дейін жетеді. Бұл – өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын дамыту бағытында жасалып жатқан ауқымды жобалардың бірі.Құрылыс бөлімінің басшысы Абзал Жұмалиевтің айтуынша, аймақта сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда үш ірі кәріз-сорғы станциясы жаңартылып, алты жаңа ұңғыма бұрғыланған. Бұл жобаларға 7,5 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.Сонымен қатар, «Ақжайық» шағынауданының инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Аталған ауданда алдағы жылдары 70 мыңға жуық тұрғын қоныстанады деп күтілуде. Сол себепті, электр, су, жылу және кәріз жүйелері бойынша кең көлемде құрылыс және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жаңа станцияның бірқатар артықшылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, бұл нысан заманауи технологиялармен жабдықталған және толықтай автоматтандырылған. Станцияны басқару үшін аз ғана қызметкер жеткілікті, ал негізгі процестер қашықтан басқару арқылы жүзеге асырылады.Кәріз-сорғы стансасының басшысы Талғат Муслимовтың айтуынша, кәсіпорын есебінен қосымша 11 шақырымға жуық су және кәріз желілері жөнделген. Бұдан бөлек, соңғы екі жыл ішінде облыс аумағында 2000 шақырымнан астам электр желісі жаңартылыпты. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы жалпы электр желілерінің ұзындығы 20 мың шақырымға жуықтап, бұл көрсеткіш республика бойынша ең ірілерінің бірі болып отыр.Энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында облыс орталығында екі жаңа қосалқы станция салынған. Бұл жобаларға жалпы сомасы 11 миллиард теңге бөлінді.Жаңа нысанның іске қосылуы өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру