8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2023 2941 0
Білім

«Кітапхана түні – 2023» шарасы өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 31 қазан күні дәстүрлі «Кітапхана түні-2023» іс-шарасы өтті.

Университеттің «Парасат» ақпараттық-білім беру орталығы ұйымдастырған шара биыл екінші жыл қатарынан болды. Кешке өлкетанушы, «DANA» орталығының басшысы Жантас Сафуллин мен саяхатшы Темірлан Мұқашев қонақ ретінде шақырылды.

Алдымен сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорыАқылбек Сұлтанов бұл дәстүрлі іс-шара білім ордасының 60 жылдығымен тұспа-тұс өтіп жатқанын айтты. «Парасат» орталығының директоры Айгүл Есенаманова БҚАТУ кітапханасындағы кітап қорының 800 мыңнан асқанын мәлімдеді. Бұдан соң коворкинг орталығында оқытушылармен және студенттермен жүздескен Жантас Нәбиоллаұлы өзінің өмір жолын, ел тарихы, өлкетану, қазақ баспасөзі саласындағы еңбектерін әңгімеледі. Осындай қызықты кездесу саяхатшы Темірлан Мұқашевпен жалғасты. Танымал батысқазақстандық жас блогер өзінің саяхаттары туралы айтып берді.  «Кітапхана түні»бұдан әрі «Laysan» студиясының шеберлік сағатымен, үстел және квест, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» зияткерлік ойынымен жалғасты. Қатысушылар түрлі танымдық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар иеленді.

Кешті  Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының, М.Өтемісов атындағы БҚУ кітапханасының кітапханашылары да тамашалады.

Лаззат ҚАЖЫМОВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»