«Кітапхана түні – 2023» шарасы өтті
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 31 қазан күні дәстүрлі «Кітапхана түні-2023» іс-шарасы өтті.
Университеттің «Парасат» ақпараттық-білім беру орталығы ұйымдастырған шара биыл екінші жыл қатарынан болды. Кешке өлкетанушы, «DANA» орталығының басшысы Жантас Сафуллин мен саяхатшы Темірлан Мұқашев қонақ ретінде шақырылды.
Алдымен сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректорыАқылбек Сұлтанов бұл дәстүрлі іс-шара білім ордасының 60 жылдығымен тұспа-тұс өтіп жатқанын айтты. «Парасат» орталығының директоры Айгүл Есенаманова БҚАТУ кітапханасындағы кітап қорының 800 мыңнан асқанын мәлімдеді. Бұдан соң коворкинг орталығында оқытушылармен және студенттермен жүздескен Жантас Нәбиоллаұлы өзінің өмір жолын, ел тарихы, өлкетану, қазақ баспасөзі саласындағы еңбектерін әңгімеледі. Осындай қызықты кездесу саяхатшы Темірлан Мұқашевпен жалғасты. Танымал батысқазақстандық жас блогер өзінің саяхаттары туралы айтып берді. «Кітапхана түні»бұдан әрі «Laysan» студиясының шеберлік сағатымен, үстел және квест, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» зияткерлік ойынымен жалғасты. Қатысушылар түрлі танымдық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар иеленді.
Кешті Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының, М.Өтемісов атындағы БҚУ кітапханасының кітапханашылары да тамашалады.
Лаззат ҚАЖЫМОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру