Дәржан ағайға арналған тақтайша
Бүгін, Орал қаласының Сарайшық көшесінде Батыс Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіш тақта орнату туралы шешім жөніндегі 2022 жылғы 15 желтоқсандағы комиссия отырысының №9 хаттамасына сәйкес «Ерен еңбегі үшін», «КСРО Қарулы күштерінің 70 жыл», «Тың жерлерді игергені үшін», «1941-1945 жж ҰОС-на 20 жыл» медалінің иегері Дәржан Тілешұлы Иманғалиевке өз жетекшілігімен салынған ғимарат қасбетіне орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Ескерткіш тақтаны Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, мемлекет және қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова салтанатты түрде ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Қоғам қайраткері Дәржан Тілешұлының қызы Лариса Иманғалиева әкесіне арналып ашылған ескерткіш тақтаға атсалысқан барлық басшыларға алғыс айтты. Жиынның соңында ескерткіш тақтаның алдына гүл шоқтары қойылып, барша жиналғандар тағзым етті.
Жиынды ашып жүргізген «Достық үйінің» директоры Медхат Қамбетов барша жиналғандар алдында Дәржан Иманғалиевтың өмірбаяны және еңбек жолына кеңірек тоқталды.
-Дәржан Иманғалиев – 1930 жылы 15 тамызда Шыңғырлау ауданы, Шоқтыбай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Шыңғырлау аудандық тұтыну одағының қосалқы шаруашылығында 13 жасар жұмысшы болып бастаған. 17 жасында Дәржан Тілешұлы Қазақстан станциясындағы №1 наубайхана меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Орал қалалық қаржы бөлімінің салық инспекторы демобилизациядан кейін қысқа уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол 1954-1959 жылдары «Қайрат» ерікті спорт қоғамының нұсқаушысы,оқу – спорт бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.
1963 жылы ол Ленинград жоғары кәсіподақ мектебін ойдағыдай бітірді.Содан кейін 1963-1970 жылдары облыстық кәсіподақтың нұсқаушысы, аға нұсқаушысы, мәдениет жұмысшылары кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. 1970 жылы партия жұмысына ұсынылды. Алдымен, Орал облыстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы болып, мәдениетті дамыту мәселелеріне жетекшілік етті. Содан соң 15 жыл ішінде Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің іс басқарушысы болды.
Оның кәсібилігі, ұйымдастырушылық қабілеті Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де айқын көрінді. «Тілеш» ЖШС басшысы бола отырып, құрылыс қызметімен айналысты. Қазір «Еуразия» институты орналасқан жеті қабатты ғимаратты, 70 пәтерлік тұрғын үй және басқа да нысандар тұрғызды. Ел Президенетінің жарлығымен Республикаға сіңірген еңбегі мен жемісті қызметі үшін ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу