566 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді
Орал қаласы прокурорының орынбасары Ершат Қамбетов өңірлік коммуникациялар қызметі орталығындағы брифингте өңірдегі жалпы қылмыстық жағдай туралы сөз етті.
Ағымдағы жылдың екі айында қала аумағында 566 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға аз. Ауыр қылмыстар саны 2 пайызға, ауырлығы орташа 25 пайызға төмендеді. Сондай-ақ кісі өлтіру (2-ден 1-ге дейін), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (8-ден 5-ке дейін), тонау 22 пайызға (8-ден 14-ке дейін), ұрлық 25 пайызға (235-тен 175-ке дейін), қорқытып алу 50 пайызға (2-ден 5- ке дейін) азайды (2-ден 1-ге дейін).
Алаяқтық 25 пайызға өскен
Жасалған алаяқтық нәтижесінде қала тұрғындарына 33 млн теңгеге жуық шығын келтірілді. Жасалу әдістеріне тоқталатын болсақ, олар әртүрлі және қылмыскерлер үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі уақытта ең көп таралған түрі – интернет алаяқтық. Әрбір екінші алаяқ интернет арқылы айласын асырады. Талдау барысында алаяқтықтың жиі кездесетін үш әдісі анықталды.
Жалған хабарландырулар
Қазір адамдарға онлайн сатып алу ыңғайлы. Алаяқтар жалған хабарландырулар арқылы ойдан шығарылған тауар үшін ақша алып, содан кейін жоғалып кетеді. «Instagram», «OLX», «Kolesa» сияқты сайттар жиі қолданылады.
Жалған қызметкерлерден қоңыраулар
Жәбірленушінің телефонына Банктың жалған менеджері қоңырау шалып, күдікті операция болып жатқанын, одан сақтану үшін ақшаны қауіпсіз шотқа уақытша аударуды ұсынады. Осылайша оларды ұрлап кетеді.
Мысалы, 21 ақпанда қала тұрғынына алаяқ қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, белгісіз адам оған несие рәсімдеп жатқанын хабарлады. Бұған жол бермеу үшін «Any desk» бағдарламасын орнатуды ұсынды, оның көмегімен ол екі млн теңге ұрлады. Жәбірленушілердің деректерін пайдаланып, микрокредиттік ұйымдарда онлайн-кредит ресімдейді.
Жол картасы
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның негізгі міндеттерінің бірі құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күресті үйлестіру болып табылатындығын ескере отырып, «Қауіпсіз қала» Жол картасын әзірледік. Жол картасына қала әкімі мен полиция бастығы қол қойды. Онда қылмыстық құқық бұзушылардың алдын алу бойынша ең өзекті мәселелер көрсетілген.
Патрульдеу бағыты
Жол картасы шеңберінде ай сайын қылмыстық құқық бұзушылықты талдаймыз. Оларды ескере отырып, патрульдеу маршруттарын қарастырамыз. 2022 жылдың соңында ЖБО-ға шығатын 300 жаңа камера орнатылды. Сонымен қатар ағымдағы жылы Жол картасы мен полиция бірлесіп, кемінде 100 камера орнатуға келісті.
Алкогольдік қылмыс
Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін заңсыз сату, қоғамдық орындарда алкоголь ішу және есірткі заттарын пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтер ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілер, баннерлер орналастыру, роликтер шығару арқылы салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жүргізілуде.
Медиа – жоспар
Алаяқттықтың жиі жасалатын түрлеріне қатысты профилактикалық сипаттағы бейнематериалдар әзірленді. Әкімдікпен бірлесіп алаяқтық, ұрлық, есірткі қолдану, ЖКО алдын алу тақырыбында мақалаларды жүйелі түрде жариялауды жолға қою қажет. Адамдар көп жиналатын жерлерде қылмыстың алдын алу тақырыбына брошюралар, мақалалар, плакаттар орналастыруды қолға алдық. Өткізілген іс-шаралар оң нәтиже береді деген сенімдеміз.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу