ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНОТЕАТРЛАР РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАБЫЛА МА?
Қазақстандық кинотеатр өкілдері Ресейге қарсы санкциялардың индустрияға әсері туралы айтты.
Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко Chaplin кинотеатрлары қалыпты режимде жұмыс істейтінін, жабылмайтынын айтты.
«Жабылмаймыз, қолжетімді контентпен жұмыс істейміз. Голливуд контентіне қатысты уақытша мәселелер болса да, оның орнын жергілікті, еуропалық, үнді, корей киноларымен барынша толтырамыз», – деді ол.
Кириенконың айтуынша, Голливуд картиналарын ұсынатын студиялар жоспарланған барлық картина уақытылы шығатынына сендірген.
«Наурызда бәрі жақсы болады. Отандық картиналар жоспарланып отыр. Олар Ресейде орыс тілінде дубляждалады. Сәуірде контент логистикасына, оның дубляжы мен локализациясына байланысты мәселелер туындауы мүмкін», – деп қосты ол.
Chaplin желісінің өкілі Қазақстанда шетелдік фильмдерді көрсету туралы уағдаластықтар бұрын Ресей арқылы өткенін атап өтті.
«Енді қандай кеңселер, қандай студиялар ұсынатыны түсініксіз. Студиялардың Ресейде және әлемнің басқа қалаларында кеңселері бар. Санкция салынса да, олар студияны, Ресейдегі қызметкерлерінің жұмысын шектемейді деп ойлаймын. Олардың тәжірибесі бар. Олар Орта Азиямен айналысатын шығар. Мұның бәрі – студиялардың шешімі. Бүгінгі таңда Ресейдің нарықтан кетуіне байланысты логистика мәселесінде өзгеріс бар. Шешім табу үшін уақыт қажет болуы мүмкін», – деді ол.
Дмитрий Кириенко Қазақстанға біреудің орнын алу туралы емес, өзінің жеке нарығы үшін инфрақұрылым қалыптастыру туралы ойлануы керек деген пікір білдірді.
«Бүгін нарықта бар студияларды күшейту туралы ойлануымыз керек. Отандық нарық үшін контент қалыптастырумен айналысу қажет. Сәтті түрде жүзеге асса, студиялар Қазақстандағы кейбір компанияларға Орта Азия аумағында жұмыс істеуге өкілеттік бергісі келетін шығар», – деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, Kinopark-Kinoplexx Theatres бас атқарушы директоры Алмаз Малдыбаев кейінгі оқиғаларға байланысты кинопрокат саласында қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді.
«Бірде-бір студиядан алдағы күндерге жоспарланған картиналарды отандық прокатта көрсету мәліметін алған жоқпыз. Әңгіме «Я краснею» және «Морбиус» релиздері, қазақ тілінде субтитрлері бар, орыс тілінде дубляждалған картиналар туралы болып отыр. Жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерге жоспарланған және дубляж бойынша жұмысы әлі аяқталмаған немесе тіпті басталмаған релиздер туралы тіпті айтудың қажеті жоқ. Студия-мейджорлар картиналарының негізгі дубляжы Мәскеу арқылы өтетіндіктен, бұл олар жұмысқа кіріспейді дегенді білдіреді», – деді ол.
Желі директоры дубляж бюджеті орташа есеппен 100-ден 300 мың долларға дейін екенін атап өтті.
«Елде жылына 300-ден аса картина прокатталады. Дыбыстаудың өзіне қанша шығын жұмсалатынын ойлаңызшы? Ал Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты елдер туралы айтатын болсақ, онда өзін-өзі ақтау туралы тіпті сөз қозғап керек емес. Өз кезегінде қазақстандық дистрибьюторлар бұл шығындарды өз мойнына ала алмайды. Бұл физикалық және қаржылық жағынан да мүмкін емес. Оның үстіне, күрделі технологиялық процесті қысқа мерзімде ұйымдастыра алмайды, – деп атап өтті Малдыбаев.
Kinopark – Kinoplexx Theatres желілерінің директоры қазақстандық кинотеатрлардың жабылуына қатысты қауіптің нақты себебі бар деп есептейді.
«Серіктестеріміз жұмыс істейтіндерін айтқан кезде сұрақ туындайды: не көрсетесіздер? Әңгіме қазақстандық контент, Нұрлан Қоянбаев, Нұртас Адамбаев, Құралай Анарбек картиналары туралы болса, пандемия кезінде көрсетілмеген барлық фильм осы үш-төрт ай ішінде прокатқа шығарылды», – деді Малдыбаев.
Ол жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерге арналған бірде-бір отандық картина жарияланбағанын айтты.
«Фестиваль фильмдері көрсетіледі және оны қолдаймыз. Бірақ, өкінішке қарай, кинокөрсетушілердің жұмысшыларға жалақы төлеу, жалға алу, банк несиелері секілді орасан зор шығынды жабуға қаржылық мүмкіндіктері жоқ. Енді айтыңызшы, не көрсету керек?» – деп қосты ол.
Кинотеатрлар желісінің өкілі фильмдерді қазақ тіліне аудару туралы ұсынысқа да тоқталды.
«Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін бұл іспен «Болашақ» қоры айналысып келе жатыр. Әрине, бұл – үлкен іс және кинотеатрларға көмек. Дегенмен статистика бойынша, мұндай фильмдер кассасы өте төмен. Көрермен арасында сұранысқа ие фильмдердің 99,9 пайызы қазақша субтитрмен орыс тілінде дубляждалған фильмдер. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселесін қолдаймын, өзім жақсы сөйлеймін. Бірақ халықтың басым бөлігі ана тілінде кино көруге дайын болғанша, көп уақыт керек сияқты», – деп түйіндеді ол сөзін.
https://kaz.tengrinews.kz/cinema/kazakstandyik-kinoteatrlar-reseyge-karsyi-sanktsiyalarga-335139/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу