САПАЛЫ, ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІММЕН ҚАМТУ КЕРЕК
Облыс әкімдігінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар тапсырманың орындалу барысы талқыланды.
Соның бірі-білім беру, денсаулық сақтау саласындағы тамақтандыруды ұйымдастыру.
Кеңесте облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыру жайын баян етті. Өңірде 368 мектеп бар. Биыл оқушыларды тамақтандыруға 1 млрд 398 млн теңге қарастырылған, оның ішінде тамақ сатып алуға 587 млн теңге, ыстық тамақ ұйымдастыру қызметіне 811 млн 68 мың теңге бөлінген. «368 мектептің 327-сінде ыстық тамақ беру ұйымдастырылса, соның 111-і жалға алушымен, 55-і жеке меншік серіктестік әріптестігі аясында, 161-інде сатып алумен ұйымдастырылды. Яғни, 54186 бала ыстық тамақпен қамтылған. Мұның ішінде 1-4 сыныптың оқушылары – 49221, аз қамтылған отбасылардың ұл-қызы – 4965», – деді А. Мыңбаева. Бүгінде аз қамтылған отбасының бір баласына күніне тамақтандыру шамасы 485 теңгені, 1-4 сыныптарда 380 теңгені құрайды. Ал №326 қаулыда аз қамтылған ұл-қыздың бір күндік межесі 642 теңге, 1-4 сыныптарда бір оқушының тамағы 567 теңге болуы керек. Облыста қаулыда көрсетілген межеден қалыс келеміз.
– Аудандар тамақтың сапасын арттыру, қаражатты үнемдеу бағытында жергілікті тауарларды жеткізушілермен жұмыс жасағандары дұрыс. Ұн, күнбағыс майын өндірушілер бар. Бірақ көбісі ауылдық жерлердегі тамақтандыру бойынша жарияланған конкурстарға қатыспайды. Балалардың денсаулығының қауіпсіздігі үшін жергілікті кәсіпкерлер өздерінің сертификаттарын алатын болса, конкурстарға қатысып, заң талаптары негізінде жұмыс істей алар еді, – деп Айгүл Әділгерейқызы өз ұсынысын білдірді.
Облыстың бас санитары Мұқамғали Арыспаев облыстағы мектептердегі жұмыс істеп тұрған 341 асхананың санитарлық-техникалық жағдайы нашар, мектептердің асхана жабдықтарының жаңартылмағанын, ыстық су жоқтығын айтты. Бәйтерек, Ақжайық, Казталов аудандарындағы ауылдық мектептердің бірқатар асханасы жөндеуді қажет етеді. Өткен жылы 180 мектеп асханасын тексеріс кезінде 120 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бас санитар облыс басшысынан асханалардың жағдайын жақсартуды сұрады.
Орал қаласының, аудандардың әкімдеріне білім беру басқармасы кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармаларымен бірлесіп мектептердегі, балабақшалардағы, ауруханалардағы, әскери бөлімшелердегі және басқа да орындардағы тамақтандыруға қажетті азық-түлікті жергілікті өндірушілерден сатып алу бойынша үш жылдық жоспар жасақтауы керек. Мұның өзі аудан-ауылдардағы кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік болмақ. Бюджеттен тамақтандыруға 1 млрд 400 млн теңге бөлінді. Ата-аналар да өздері балаларына тамақ алуға ақша береді. Тамақтың 29 түрі бар. Сырым ауданына барғанымда, асхана мәзірінен бананды оқыдым, мұның орнына пайдалы жергілікті алма, алмұрт қосуға болады, – деді Ғ. Есқалиев. Облыс әкімі аудан әкімдеріне окург әкімдерімен бірігіп, кім қандай тамақ (сәбіз, сазан, сары май, ірімшік, сүзбе, т.б.) түрін шығара алатынын зерттеуді тапсырды. Мектептерді тамақпен қамтуға бөлінген қаржының көп бөлігін жергілікті жерде қалдыруға мүмкіндік жеткілікті екендігі айтылды. Өнімдер сапалы әрі қолжетімді болуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу