8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2021 10838 0
Жалын

ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ

23 қыркүйекте Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 1-4 курс студенттеріне еліміздегі зайырлылық қағидалары мен мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Бұл туралы БҚАТУ медиа-орталығы хабарлады.

Университетке келген БҚО Дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бағдат Адайхан білім алушылармен кездесіп, олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында діни заңнама, зайырлылық тақырыбында сөз қозғап, теріс ағымдардан сақтану шараларын түсіндірді. Дінтанушы діни сауаттылықтың төмендігі жастардың тура жолдан адасуына әкеп соғатынын айтып, кез келген ақпаратты аларда аса ұқыптылық таныту керектігін атап өтті.

Сонымен қатар дін саласының өкілі әлеуметтік желілер арқылы таратылатын жалған ақпараттардан сақтану қажеттігін айтты.

– Оларды сақтау немесе тарату сынды қарапайым іс-әрекеттер заңға қайшы келеді, көп жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін жеткізеді, – деп тарқатты.

Тағылымды кездесу соңында студенттер дін тақырыбында көкейлерінде жүрген  сауалдарына толыққанды жауап алды.

Бұған дейін жоғары оқу орнының 1-курс студенттері арасында «Жат ағымдарға жол жоқ» тақырыбында  ақпараттық-түсіндірме жұмыстары онлайн форматта жүргізілген болатын.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
333 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
474 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
512 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
780 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
795 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
921 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1224 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1316 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1340 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1552 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1824 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2045 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2090 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2232 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»