8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қыркүйек 2021 1185 0
Дені сау ұлт

Пандемия басталған уақыттан бері дәрігерлерге 229 млрд теңгеден астам мөлшерде үстемеақы төленді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатындағы  іс-шараларды қаржыландырудың қорытындылары туралы есеп берді және медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдаудау көрсетудің  жаңа моделіне көшу туралы  айтып өтті.

2021 жылдың 1 – жарты жылдығының қорытындылары туралы айтумен қатар, Қордың COVID-19-дың  таралуын болдырмаудағы, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеудегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша  рөлін атап өту маңызды.

1-ші жартыжылдықта КВИ-мен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға барлығы 219 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 197,6 млрд теңге ТМККК қаражаты есебінен, 21,4 млрд теңге МӘМС есебінен жасалынды. Оның ішінде медициналық қызметтер үшін жұмсалған  қаржы 112,8 млрд теңге, ал COVID-ке қарсы күрес шараларына тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы 106,2 млрд теңгені құрады.

Қор басшысы айтып өткендей, дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету  2020 жылдың наурыз айынан бастап үш тәуекел тобы бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі үшін төленетін үстемеақылар түрінде көрсетіледі: I топ – 850 мың теңге; II топ – 425 мың теңге; III топ-212,5 мың теңге. Ағымдағы жылдың маусым айына дейін осы мақсаттарға шамамен 229 млрд теңге бағытталды.

Сонымен қатар, үстіміздегі  жылдың ақпан айынан бастап дәрігерлерді басым  түрде вакцинациялаудың арқасында (қамту 100% – ға жуық) олардың арасындағы аурудың қаупін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілгені туралы айтылды. Осыған байланысты тамыз-қыркүйек айларында ауруды жұқтыру қаупі үшін үстемеақылар төлеу әрбір тәуекел тобы үшін белгіленген мәндердің 50% мөлшерінде жүргізілетін болады. (I топ-425 мың теңге; II топ – 212,5 мың теңге; III топ-106,25 мың теңге).

«Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста берген тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерді ендігі ынталандыру бойынша  үстемеақылар жүйесі  үстіміздегі  жылдың қазан айынан бастап  Эпидемиологиялық  ахуалға қарамастан жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады», – деп атап өтті Болат Төкежанов.

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені үшін төмендегі қызметкерлер  қосымша ақы алатын болады:

– инфекциялық стационарлардың, провизорлық және карантиндік стационарлардың дәрігерлік, орта және кіші медициналық персоналы;

– дәрігер-реаниматологтар;

– дәрігерлік персонал, орта медициналық персонал және ЖМК, МСАК мобильді бригадаларының, медициналық авиацияның жүргізушілері;

– шұғыл стационарлардың, МСАК ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері; сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері;

– СЭС вирусолог-дәрігерлері мен зертханашылары; СЭС дәрігер-бактериологтары мен зертханашы-бактериологтары, СЭС сынамаларын қабылдау және іріктеу жөніндегі ЖМК және дәрігерлері, СЭС жүргізушілері, санитарлары және дезинфекторлары.

Кәсіптік тәуекелдер үшін берілетін  қосымша ақы 14 қызмет үшін белгіленген лауазымдық жалақы мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып жүргізілетін болады.

Жоғарыда аталған қызметтерден басқа, оларға босандыру қызметінің, стационардың педиатриялық қызметтің, пульмонологиялық қызметтің, ядролық медицинаның, сәулелік диагностика қызметінің, патологоанатомиялық қызметтің, МСАК қызметінің медицина қызметкерлері де қосылады.

Аталған  өзгерістерге байланысты жалақы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің басым мамандықтары бойынша ұлғайтылатын болады (қосымша ақының мөлшері ең төменгі жалақының 1,5-тен 6-ға дейінгі мөлшерін  немесе 63 750 теңгеден бастап 255 000 теңгеге дейінгі мөлшерді  құрайды).

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
255 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
257 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
549 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1021 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1397 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1249 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1756 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2374 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2538 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2545 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2595 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2601 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2164 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3078 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3133 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3124 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3746 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3707 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3698 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3673 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3835 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»