ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай қала әкімі Абат Шыныбеков елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерін құттықтады. Алдымен қызметтік міндеттерін атқару жолында қаза болған облыстық ішкі істер органы қызметкерлерінің рухына тағзым жасалып, гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шарада қызметтерінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген полицейлер марапатталды.
Мерекеге орай Орал қаласы патрульдік полиция батальоны алаңында өткен жиында қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы сап түзеді. Қала басшысы Абат Шыныбеков ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және кәсіби мерекемен құттықтап, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен бостандығын, қоғамдағы тіршіліктің жайлылығын қамтамасыз етуде қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз екенін атады.
– Отанымыздың алдында абыроймен қызмет атқаруға ант етіп, анттарыңызға берік болуға уәде бердіңіздер. Сол анттарыңызды селт етпей орындауда жанқиярлықпен қызмет етіп келесіздер. Адамзаттың сақшысы ретінде полиция қызметкері қай кезеңде де ерекше құрметке ие. Әр азамат полицейлерге ерекше сенім артады. Бүгінде қаланың тыныштығын қамтамасыз етуде 24 полиция пункті мен 800-ден астам полиция қызметкері күн-түні міндеттерін атқарып жүр. Полицейлерімізге пандемияға байланысты қосымша жүктемелер де артылды. Оны да жауапкершілікпен атқарудасыздар. Мерекеге орай, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бейбіт өмірдің тыныштығын сақтау жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, – деді Абат Абайұлы. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан полициясы күніне орай үздіктерді марапаттады. «Үздік криминалист», «Үздік анықтаушы», «Үздік тергеуші» және басқа да сала үздіктеріне марапаттар мен сыйлықтар ұсынылды. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлердің жұбайларына, сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Қалалық полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Нұрлан Бисенов Қазақстан полциясында өз ісіне шын берілген, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар жұмыс жасайтынын атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органының мыңнан астам қызметкері қызметтік міндеттерін атқарудағы ерліктері, абыройлы еңбектері үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан полициясына азаматтардың заңдық мүдделерін, құқықтарын әділетті қорғауды тапсырды. Бүгінде қала, елдімекен көшелеріндегі тыныштықтың сақталуы ішкі істер органы қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Қылмыспен, заңның бұзылуымен күрес жүргізуде қатаңдық қажет. Басқарма бастығының айтуынша, кейінгі жылдары қала аумағында қылмыс көрсеткіштері азайған. Қылмыстардың ашылу деңгейі жоғары.
– Қалалық әкімдіктің қолдау көрсетуімен бүгінде шаһарымыздағы адамдар көп жиналатын алаңдарда, әлеуметтік нысандар мен көңіл көтеру орындарында жалпы 452 бейне бақылау жүйесі бар. Олар нақты уақыттағы жедел жағдайды бақылауға мүмкіндік береді. 5 модульдік полиция бекеті орнатылды. Осындай жұмыстар бізді әлі де белсенді, мақсатты жұмыс жасауға міндеттейді, – деді Нұрлан Бисенов.
Салтанатты шара жеке құрамның саптық шеруімен аяқталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру


Пікір үстеу