8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2021 1756 0
Қоғам

РЕЙХСТАГҚА АТЫН ЖАЗЫП ҚАЛДЫРҒАН

«Жау жоқ деме, жау аяқ астында» деген. Бүгін, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бастап, Екінші дүниежүзілік соғысты, сол бір сұрапыл күндерде қаза тапқан отандастарымызды қайғыра еске алуда! Неміс – фашистері біздің бейбіт елге қара бұлтты төндіріп, бүйірден оқ атқанда Отанымызды қапастан құтқарған батырдың бірі, жерлесіміз Шамақ Нупов! Ормандай отбасының асқар тауы, Ұлы Отан соғысының ардагері 2001 жылдың тамызында өмірден өтіпті. Редакцияның тапсырмасымен Шамақ Қабдірешұлы туралы «Рейхстагқа атын жазып қалдырған» деген мақалам кейін жазылды. Ата өмірден өткен соң қолға қалам алынды. Жергілікті газеттерге шықты. «Ардагер ағалар» деген жинаққа енді. Әулеттің асыл анасы Райса әжеймен және Құндыз Шамақұлымен ғана тілдестім. Содан осы дүние туды.

Сарытау жақта атай да жатыр тіршіліктің тыныштығын күзетіп! Барған сайын көзіме жиі ұшырайды. Суреті оттай басылады. «Қызым, сен мені жазыпсың ғой, өлең арнапсың ғой» деп ишарат білдіргендей болады. Расында, бұл бейітте төрт шумақ өлеңімді үй иелері сұрап, құлпытасқа қашап жазған, мақалам арқылы қолтаңбам қалған «кейіпкерлерім» қаншама? Кеше ғана сайраңдап жүрген бір қауым елдің әруаққа айналғаны көңіліңді құлазытады. «Білгенге бұл дүние шолақ екен!» деген осы.

Иә, қас дұшпанға жұртын таптатпаған, халқына жарқын із қалдырған Шамақ Қабдірешұлының ерлігі дүйім елге үлгі-өнеге деп ойлаймын. Жапырақтары тереңге жайылған Шамақтай атамызға, Райсадай анамызға әрбір қазақ шаңырағы ұқсап бақса екен деймін. «Ұстараның жүзіндей» мың құбылған мынау заманда Шамақ Нуповтай жаужүрек мың балалар әрбір үйде өсіп-өнсе екен деймін.

Автор

 

 

 РЕЙХСТАГҚА АТЫН ЖАЗЫП ҚАЛДЫРҒАН

Сол бір сұрапыл соғыста қолына қару алып, қан майданға аттанған азаматтың бірі, Орал қаласының байырғы тұрғыны, марқұм Шамақ Нұпов.

– Не бары он жеті жасында өзі сұранып соғысқа аттанған Шамақ жаудың өртін әбден сөндіріп, жеті жыл өткен соң елге оралды, – деп еске алады құдай қосқан қосағы, Орал қаласының тұрғыны Райса әжей.

Алдымен жолым оның көршісі Жұпар апайдың үйіне түсті. Мен барғанша Райса әжей зейнетақысын алуға кетіп қалыпты. Күте тұруға тура келді.

– Айналайын, көршім қазір келеді. Үйге кіріп аялдай тұр, – деді қарсы есіктен сығалаған Жұпар апай ибалық танытып. Біз тез шүйіркелесіп кеттік. Келген мақсатымның мән-жайын түсінген Жұпар апа күнінде Шамақ ата туралы телебағдарламалар жасағанын тілге тиек етті. Ұзақ жылдар облыстық теле-радио саласында режиссер болған Жұпар Иманғалиқызының әңгімесіне құлағымды тоса түстім.

– Бірде Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында кітапханаға бардым. Жерлестерім туралы бағдарлама жасауым керек болды. Содан қолыма «Соғыстың 1418 күні» атты кітап ілінді. Кітаптың әр парағын ақтарып, суреттерін қарап тұрғанымда көзіме «Нұпов» деген жіңішке жазулар шалынды. Кешкісін келіп Шамақ атама мән-жайды айттым. Үлкен кісі ұзақ ойланып қалды. «Дұрыс айтасын, Жұпаржан. Есіме енді түсті. Біз Берлинді жаудан біржолата азат етіп, Рейхстагқа ту тіккенде қасымдағы солдаттардың көбісі сол маңдағы қабырғаға аты-жөндерін жаза бастады. Мен де дереу ақ тасты тауып алып, «Нұпов» деп жаздым», – деп Шамақ ата баладай қуанды. Кейін атайдың осы кітапты таптырып, үйінің төріне қойғанын көрдім. Жалпы мен осы шаңырақтың келіні Мая Бектенованы қыз күнінен жақсы танитын едім. Ол кезде Мая комсомол саласында жұмыс істеді. Содан күндердің күнінде ол осы әулетке келін болып түсті. Міне, жиырма бір жылдан бері біз осындай жібі үзілмеген тату-тәтті көршілерміз, – деп Жұпар апай әңгімесін аяқтады.

Жайық жұртына жақсы таныс Шамақ ақсақал Ресей жерінде дүниеге келіпті. 1926 жылы Тамбов облысының «Рассказовский» совхозында туып өскен екен. Әкесі Қабдіреш пен анасы Мариямнан тым ерте айырылған ол жасынан қайратты болып өсіпті. Он жеті жасында белін бекем буып, жүрексінбей ұрысқа аттануының да терең сыры осында жатқандай.

1949 жылы ел-жұртымен аман-есен қауышқан Шамақ атаның ұрыс даласындағы көрсеткен ерлігі кейінгі толқынға өнеге болғандай… Шамақ атаның өшпес белгісіндей Ұлы Жеңістің айтулы мерекелерінде берілген медальдар төргі бөлмеде тұр. Соның ішінде, ел Президенті Нұрсұлан Әбішұлының атынан жолданған құттықтау жеделхаттары Шамақ Нұповтың рухына, ерлігіне, еңбегіне көрсетілген елдің ізетіндей.

– Шамақ марқұм Ұлы Жеңістің алпыс жылдығын да, алпыс бес жылдығын да көре алмады, әттең, – деп Райса әжей күрсініп қойды. – Тұрмыстың зейнетінен гөрі бейнетін, машақатын бастан біраз кешірген Шамақ жетпіс бес жасында дүниеден озды. Адамның арманы таусыла ма, үй толы немере-жиенге шүкіршілік етсем де, қартымның орнын көбірек жоқтаймын. Ол осы әулеттің діңгегі еді. Өзі Ресейде туса да, ел-жұртын, атамекенін аңсап өсті. Ақыры, 1973 жылы біз алты баланы жетектеп, Тасқалаға көшіп келдік. Сонда Шамақ атаң мықтап қуанды. Кейін Оралға қоныс тептік, – деп Райса әжей сыр тиегін ағыта түсті.

Шамақ НУПОВТЫҢ ұлы Құндыз НУПОВ

Суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

– Шамақ демалысқа щыққанша, трактор мен мәшинеден түскен жоқ. Қарапайым шаруамен-ақ балаларды ішіндіріп, киіндірді. Төртеуіне жоғары білім алып берді. Бүгінде Алматыда тұратын Құндызымыз газ саласында қызмет істейді, ғылым кандидаты. Келіні Мая екеуі бәрімізге қамқоршы болып, әкелерінің асыл қасиетін, адамгершілігін ұстанып келеді. Бұған да шүкір. Тұңғышымыз Иманбай, Валерия, Рита, Людмила, Рәзиям елден қалмай еңбек етті. Келіндерім мен күйеу балаларым да мені сыйлайды, жақсы көреді. Көзімнің ағы мен қарасындай немере-жиендерім Асылбек, Анеля, Әсел, Айнұр, Алтай, Айгүл, Аяна, Әйгерім, Бауыржанымның қызығына тояр емеспін. Үлкен немерем Асылбек пен Жаннадан Әділ есімді шөбере сүйіп отырмын. Осының бәрі бақытты заманың арқасы ғой, – деп Райса әжей көңіліне қанағаттан қанат бітірді.

Біз көзі тірісінде үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетіп, игі жақсылардың ортасынан табылған Шамақ ақсақалдың шаңырағын шалқылып отырған Райса әжейге іштей риза болдық.

Иә, Жайық жұртшылығы есімі елге танымал Құндыздай азаматты тәрбиелеп өсірген Шамақ атаны ешқашан ұмытпақ емес. Марқұмның алдын көріп, батасын алған жайсаңдар жыл сайын 9 мамыр мейрамында қала шетіндегі атайдың бейітіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қояды. Демек, Рейхстагқа атын жазып қалдырған Шамақ атаның ұрпағымен бірге рухы мәңгі жайсай бермек…

Суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА, 

2004 жыл

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
52 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
130 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
355 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
840 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1218 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1127 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1577 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2191 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2357 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2365 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2415 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2419 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2043 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2900 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2954 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2948 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3561 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3529 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3520 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3495 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3655 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»