8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2021 3878 0
Спорт

ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ТЕГІН СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 мыңнан астам балғын тегін спорттық секциялармен қамтылады. Бұл туралы облыстағы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті. 

 

Мемлекет басшысының балаларды тегін спорттық секциялармен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында үстіміздегі  жылдың 1 мамырынан бастап мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі енгізілді. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өнім берушілерден өтінімдер мен қажетті құжаттарды қабылдауды жүргізуде.

Өнім беруші болып білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, тұрпаты мен түрлеріне қарамастан, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер бола алады.

artsport.edu.kz ақпараттық порталы дайындалды және іске қосылды. Бұл портал өнім берушілердің құжаттарды тіркеуі және тапсыруы, сондай-ақ ата-аналардың (немесе олардың ресми өкілдерінің) балалар мен жасөспірімдерге спорттық секцияға қатысуға ваучер алуы үшін жасалды.

Ата-аналар порталға тіркеліп, тегін спорттық секциямен қамтитын өнім берушіні таңдауы және оның қызметін бағалауды жүргізуі қажет.

Спорттық тапсырыс 4 жастан 17 жасқа дейінгі, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы тегін спорттық секциялармен 2 040 баланы қамту жоспарланып отыр.

Барлық мәселелер бойынша 8(7112)505272 нөміріне хабарласып, сұрауға болады.

Сонымен қатар мемлекеттік спорттық тапсырыстың нормативтік-құқықтық актілерімен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022631 сілтемесі)», «Мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Әдістемесін бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022633 сілтемесі)», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қағидаларын бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022637 сілтемесі)», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секциялардың рейтингін айқындау Қағидаларын бекіту туралы (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022632 сілтемесі)» құжаттары арқылы танысуға болады.

zhaikuni.kz

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
63 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
21 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
105 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
98 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
98 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
95 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»