8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2021 3453 0
Жалын

БҚО-ДАҒЫ ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІ МЕКТЕБІ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ТҮЛЕТТІ

Математика және физика пәні бойынша олимпиада резерві  мектебі осыдан төрт жыл бұрын, 2017 жылдың 19 маусымында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №523 бұйрығымен «Дарын» қосымша білім орталығының жанынан ашылған еді. Алғашқы түлектер салтанатты  түрде қолдарына сертификаттарын  алды. 

Облыс оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтау, оны дамыту мақсатында ашылған математика және физика пәні бойынша Олимпиада резерві мектебіне 40 оқушы қабылданған болатын.  Мектепте оқумен бірге жүргізілген қорытынды бақылаулар, олимпиадалар нәтижесінде оқушылар іріктеліп, бүгінде 22 оқушыға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығының базасында Облыстық олимпиада резерві мектебін бітіргендігі туралы сертификаттары  табыс етілді.

4 жыл ішінде әртүрлі облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері, қатысушылары атанған оқушылар және осы оқушыларды сессия, сессияаралық кезеңдерде білім нәрімен сусындатқан ұстаздар білім басқармасының алғыс хат, дипломдарымен марапатталды.

Салтанатты жиынның соңында Олимпиада резерві мектебінің оқушылары «Жайық дарыны» атты тақтаға өз есімдерін қалдырып, раушан гүлдерін отырғызды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – «Шаңырақ» күні
17 Наурыз 2026
77 0
Жаңа Конституция
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
17 Наурыз 2026
29 0
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
107 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
99 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
100 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
97 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»