БИЫЛ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ
Биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. Қазіргі уақытта аудандастыруға дайындық жүргізілуде. Санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу – 2021 жылғы Ұлттық халық санағының басты жаңалығы. Деректерді жинау веб-сайт арқылы жүргізіледі және интервьюерлер бұрынғыдай қағазға толтырмай-ақ, планшет қолданатын болады.
Интеграцияланған визуалды сәйкестендіру жүйесі үшін ұлттық халық санағының логотипі мен ұраны бекітілді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!!!» ұранымен өтеді.
Санақ кезеңінде халыққа санақ мәселелері бойынша «1446» байланыс орталығының ұялы және стационарлық нөмірлерінен ақысыз бірыңғай телефон нөмірі арқылы онлайн кеңестер жүргізіледі.
2021 жылғы халық санағын өткізу кезінде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының желісі бойынша қызметтік міндеттерін (дипломатиялық корпус) орындаумен немесе ұзақ мерзімді қызметтік іссапармен, оқуға («Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша оқитындарды қоса) байланысты 12 ай және одан көп мерзіммен шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олармен бірге жүрген олардың отбасы мүшелерін қоса), тұрақты тұратын жері басқа елде, бірақ халықты есепке алу сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша (12 айдан аз) жүрген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және Қазақстан Республикасының азаматтары санақ есебіне алынады.
Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы және студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша оқитын студент-магистранттарды қоспағанда, 12 ай және одан көп мерзімге шетелге жұмысқа немесе оқуға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (12 айдан аса болмайтын кезеңінің ұзақтығына қарамастан), өз мемлекеттерінің дипломатиялық және басқа өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетел азаматтары, шетелдік әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері санақтан өтпейді.
Биылғы ұлттық санақты өткізудегі басты ерекшелік – процесті автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу. Халықтың деректерін жинау процесі екі жолмен жүргізілетін болады.
– Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz мамандандырылған веб-сайтында виртуалды көмекшінің көмегімен респонденттерге онлайн-сауалнама жүргізу, олардың орналасқан жеріне қарамастан, өз бетінше халық санағын аяқтауға өздері және отбасы мүшелері сауалнамалар толтыруға мүмкіндік береді. Сайт 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында тәулік бойы жұмыс істейді. Екіншісі – дәстүрлі үздіксіз санақ онлайн-санақты белгіленген мерзімде өтпеген респонденттер арасында өткізіледі. Жаңашылдық – интервьюерлердің жаппай аралау кезінде электронды планшеттерді қолдануы. Бұл мәліметтерді жинау кезінде санақ қызметкерлерінің еңбек шығындарын, адам факторының деректер сапасына әсерін азайтуға, ЖСН-ді қолдана отырып, халық санағы деректерінің сенімділік деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңсе тауарларын үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлердің ыңғайлылығы мен ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы әдіспен бастапқы деректерді автоматты түрде енгізу және оларды республикалық деңгейде өңдеу қамтамасыз етіледі, – деп түсіндірді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының БҚО бойынша департаменті басшысы Болтай Мәжитқызы.
Осылайша деректерді жинау және өңдеу процесінде жоғары тиімділік қамтамасыз етілмек. Планшетке арналған мобильді қосымша әзір. Ол интервьюерге барлық арифметикалық және логикалық бақылауды ескере отырып сауалнама жүргізуге, жіктеуіштер мен анықтамалықтарды қолдануға және сауалнама аяқталғаннан кейін алынған мәліметтерді VPN арнасы арқылы тікелей жалпы базаға жедел жіберуге мүмкіндік береді.
1 маусымда бірінші кезең басталды – интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың мекенжайын, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елдімекенді аралауды бастады. Осы кезеңде аудандастыруға дайындық жүреді. Яғни, 2-кезеңді өткізу үшін аймақтағы әрбір елдімекеннің аумағы нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлінеді. Негізгі кезең – 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында. Осы уақытта интервьюерлер үйлерді аралайды.
Деректердің қамтылуы мен дұрыстығын тексеру мақсатында респонденттердің 10 пайызына бақылаулық аралау өткізіледі. Санақ кезінде мәліметтер жинау үшін сәйкестендіргіш ақпарат ретінде сауалнамаға қатысушының ЖСН-і қолданылады. Бұл ақпараттың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу