«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
1 шілдеден бастап елімізде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енеді және азаматтардың мемлекеттік органдарға жазған арыз-өтініші «е-Өтініш» базасына енеді. Жаңа жүйе арқылы азаматтардың өтініштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына тірек болар құжат туралы 8 маусымда өңірге жұмыс сапарымен арнайы келген ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы орган өкілдерімен және қоғам белсенділерімен болған кезесуде түсіндірді.
Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іргелі нормативтік құжаты. Осы құжатқа сай халықтың арыз-өтініші «е-Өтініш» базасына еніп, оның орындалу барысы осында жинақталады. Енді мемлекеттік орган өтінішті қараған кезде басқа органдар тарапынан қандай шешімдер қабылданғанын көре алады.
Қазіргі уақытта еліміздегі 10 мың мемлекеттік органға аталған база қойылған, оның ішінде облысымыздағы 2 мың мекеме орнатып үлгерді. ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Т.Дүйсенова бастаған ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Б.Әбішев, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы Ә.Қарсықбаев, ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры А.Мұқанова мемлекеттік қызмет органдарының жаңа кодексті жүзеге асыруға дайындығын, ақпараттық жүйенің орнатылуын қадағалады. Ал Достық үйінде болған кездесуде қоғам өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, жаңа жүйенің артықшылықтары туралы мәлімет берді.
– Өткен жылы Президент әкімшілігі тұрғындардан 32 мың арыз-өтініш қабылдады. Бірақ, ол азаматтардың ауыл әкімшілігінен бастап Президент әкімшілігіне дейін кімге арыз жазғаны, қандай жауап берілгені туралы ақпарарт жоқ. Себебі базамыз жоқ. Жаңа кодексте барлық арыздардың басын құрайтын бір ақпараттық жүйе түзу керектігі туралы мәселе қойылды. Оны ақпараттандыру министрлігі дайындады. Соған сәйкес енді барлық азаматтар арыз-шағым-өтініштерін «е-Өтініш» жүйесіне қалдырады. Бұл ауыл әкімдігіне түскен арызды жоғары органның көруіне мүмкіндік береді. Екіншіден, мәселен, осы өңірдің азаматы қала әкімдігіне, одан соң облыс әкіміне арыз жазып, олар дұрыс шешім қабылдағанымен, ол азамат соған қарамастан, Президент әкімшілігіне жазатын болса, осы база арқылы қарап, біз ол азаматқа «жергілікті әкім заң аясында шешкен, біз арызыңызды қарамаймыз» деп жауап бере аламыз немесе жергілікті әкімдіктер дұрыс шешпесе, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастырамыз. Осылай бақылауды орнатуға мүмкіндік болады, – деді Тамара Қасымқызы.
Қазіргі қолданыстағы жүйе бойынша арыз беруші мемлекеттік органда оның арызын кім қарап жатқанын, қай уақытта жауап келетінін білмей отырады. Жаңа кодекс бойынша ақпараттық жүйе арқылы әр азамат өз өтінішін кім қарап жатқанын біле алады. Осы орайда сол маманға хабарласып, қосымша мәліметтер бере алады немесе түсініктеме ала алады.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың арыз-өтініш иелеріне қайтарған жауабының дұрыс-бұрыстығы қажет болса, сотта қаралады. Тұрғындардың мәселесіне жүрдім-бардым қарап, әуре-сарсаңға салғандар жауапқа тартылады. Шағымдану кезінде шешімдердің немесе жауаптардың негізділігін мемлекеттік орган дәлелдейді. Бұл ретте жаңа әкімшілік соттар құрылады. Тамара Дүйсенованың айтуынша, азаматтар мен мемлекеттік органның арасындағы дау-дамайды шешуі үшін арнайы 21 әкімшілік сот ашылған.
– Енді бірде-бір азаматтың арыз-шағымы қайтарылмайды. Сот сол арыз-шағымды дұрыс жазуға көмектеседі. Екіншіден, соттың отырыстарына мемлекеттік орган қатыспаған жағдайда немесе жауапты мемлекеттік қызметкерге 20 АЕК-тан 50 АЕК-қа дейін айыппұл салынады. Яғни, азаматтардың арыз-шағымдарын қарауда мемлекеттік органдарды тәртіпке келтіреді. Сол сияқты арыз берген азаматқа дұрыс жауап берілгенімен, ол мемлекетік орган қызметкері үстінен қайта-қайта шағым түсірсе, оның да жауапкершілігі кодекске сай қаралады, – деп түсіндірді ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу