ОРАЛДА «АТАМЕКЕН» КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орталықтың ғимараты бұрынғы аула клубы орналасқан нысан. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен ағымдағы жөндеуден өтіп, комьюнити орталық ретінде ашылып отыр. Жаңарған орталықтың салтанатты ашылуына шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысты.
– Бүгін Орал қаласында балаларды қорғау күніне орайластырылған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі қаламыздың тарихи орталығында «Атамекен» комьюнити орталығының салтанатты ашылуына куә болып тұрмыз. Бұл балалар клубы ретінде өткен ғасырдың 70 жылдары құрылып, мақсатына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеуде, балалардың шығармашылығын шыңдауда жұмыс жасап келеді. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы – балаларымыз. Мемлекеттің басты мүддесі – біздің балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, денсаулықтарын сақтау. Денсаулықты сақтау – өзімізді қорғаудан, түрлі шараларға қатысу, табиғат аясындағы демалыстарды ұйымдастыру. Бұл жұмыстарды жүргізуде балалар аула клубтарының, мәдени-ағарту саласы қызметкерлерінің өлшеусіз еңбегін атап өту қажет. Соның арқасында балғындарымыз жан-жақты дамиды. Әрине бұл орталыққа келген балғындардың бәрі жұлдыз болып кетпес, дегенмен белгілі бағытты қалыптастыруда, рухани көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік алады деп сенемін. Жаңа орталық балаларымызға шаттық сыйласын, – деді Абат Абайұлы.
Аула тұрғыны Нұрғали Демесінұлы нысанды жаңартып, мерекеге орай сый жасағаны үшін қала әкімдігіне, мәдениет қызметкерлеріне алғысын білдірді. Үйірмелердің тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетіп, қала әкімімен бірге тілек шарын ұшырды.
Ғимараттың жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 5,8 млн. теңге жұмсалған. Көрнекіліктер жаңаланып, үйірмелерге қажетті жабдықтар алынған. Өнер орталығында асық ату, сурет, вокал, көркемсөз үйірмелері жұмыс жасайды. Сонымен қатар енді Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығы аясында Мұхит сыныбы ашылып отыр. Үш жүзден ән оздырған сал Мұхиттың ән-күйлерін әнші-термеші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Еңбек ері» медалінің иегері Сағдат Рахметжанов үйрететін болады.
Айта кетейік, Оралда қалалық мәдени-ағату бірлестігіне қарасты 22 ұйым бар. Олардың 19-ы – аула клубы. Осы аула клубтары заманға сай өзгеріп көшіп, комьюнити орталықтары ретінде ашылуда. Бірлестік директоры Серік Тоқмамбетовтың айтуынша, бүгінде бес аула клубы комьюнити орталыққа айналған. Яғни енді балалар ғана емес, егде жастағы тұрғындар да орталыққа келіп бос уақыттарын өткізе алады.
– Комьюнити-орталық таңертеңгі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін балалармен жұмыс жасаса, кешкі 18.00-ден кейін үлкендермен жұмыстар жүргізіледі. Үйірмелер тегін. Алдағы уақытта «Балауса», «Шабыт» аула клубтарын комьюнити-орталық бағытына өзгерту ұсынылып отыр, – деді Серік Тоқмамбетов.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
P.S. «Атамекен» комьюнити орталығы Н.Назарбаев даңғылы 151/2 мекенжайында орналасқан.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру



Пікір үстеу