28 ЖАСӨСПІРІМГЕ ІШІМДІК САТЫЛҒАН
Орал қаласында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар өткен жылғы сәйкесті кезеңнен едәуір аз тіркелген. Алайда, ересектер тарапынан жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыс 4-5 есе көбейген. Бұл туралы Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен өткен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында айтылды.
Өткен жылдың алғашқы бес айында кәмелетке толмағандар тарапынан 28 қылмыс тіркелсе, биыл 14 жасөспірім 16 қылмыс жасаған. Сондай-ақ жеткіншектер 500-ден аса тәртіпбұзушылыққа жол берген. Бүгінде кәмелетке толмаған 88 жасөспірім және баласының тәрбиесіне теріс ықпал ететін 120 ата-ана есепте тұр. Бұл ата-аналар 227 баланы тәрбиелеп отыр.
Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев кейінгі уақытта жасөспірімдерге қатысты үлкендер тарапынан жасалған қылмыстар саны көбейгенін айтты. Мәселен, былтыр бес айда 6 қылмыс орын алса, биылғы жылдың бес айында 29 жағдай тіркеліп үлгерген. Бұл қылмыстар – өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, денсаулығына қасақана зиян келтіру, жыныстық қол сұғу әрекеттері, жезөкшелік, ұсақ ұрлықпен айналысуға, алаяқтық жасауға мәжбүрлеу.
– Жүргізілген зерделеу жұмыстары қылмыстардың басым бөлігі, яғни 45 пайызы шаһардың орталығында жасалғанын көрсетті. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Зашаған, Круглоозерный, Деркөл кенттерінде жиі тіркеліп отыр. Қылмыстық жағдайлардың орын алуының негізгі себептері – үлкендер тарапынан бақылаудың болмауы. Мәселен, жеткіншектердің жоғарыдан құлау жағдайлары орын алды. Оның екеуінде жасөспірімдердің мас болғаны анықталды. Бұл кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сататын дүкендерге қатаң бақылау жасау қажеттігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, биыл біздер дүкендердің 28 жасөспірімге алкоголь сату дерегін анықтадық, – деді Жантемір Иманәлиев.
Сондай-ақ комиссия отырысында жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу