8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2021 1576 0
Өзек

28 ЖАСӨСПІРІМГЕ ІШІМДІК САТЫЛҒАН

Орал қаласында  кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар өткен жылғы сәйкесті кезеңнен едәуір аз тіркелген. Алайда, ересектер тарапынан жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыс 4-5 есе көбейген. Бұл туралы Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен өткен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында айтылды.

Өткен жылдың алғашқы бес айында кәмелетке толмағандар тарапынан  28 қылмыс  тіркелсе, биыл 14 жасөспірім 16 қылмыс жасаған. Сондай-ақ жеткіншектер 500-ден аса тәртіпбұзушылыққа жол берген. Бүгінде кәмелетке толмаған 88 жасөспірім және баласының тәрбиесіне теріс ықпал ететін 120 ата-ана есепте тұр. Бұл ата-аналар 227 баланы тәрбиелеп отыр.

Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев кейінгі уақытта жасөспірімдерге қатысты үлкендер тарапынан жасалған қылмыстар саны көбейгенін айтты. Мәселен, былтыр бес айда 6 қылмыс орын алса, биылғы жылдың бес айында 29 жағдай тіркеліп үлгерген. Бұл қылмыстар – өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу, денсаулығына қасақана зиян келтіру, жыныстық қол сұғу әрекеттері, жезөкшелік, ұсақ ұрлықпен айналысуға, алаяқтық жасауға мәжбүрлеу.

– Жүргізілген зерделеу жұмыстары қылмыстардың басым бөлігі, яғни 45 пайызы шаһардың орталығында жасалғанын көрсетті. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Зашаған, Круглоозерный, Деркөл кенттерінде жиі тіркеліп отыр. Қылмыстық жағдайлардың орын алуының негізгі себептері – үлкендер тарапынан бақылаудың болмауы. Мәселен, жеткіншектердің жоғарыдан құлау жағдайлары орын алды. Оның екеуінде  жасөспірімдердің мас болғаны анықталды. Бұл кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сататын дүкендерге қатаң бақылау жасау қажеттігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, биыл біздер дүкендердің 28 жасөспірімге алкоголь сату дерегін анықтадық, – деді Жантемір Иманәлиев.

Сондай-ақ комиссия отырысында жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
33 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
54 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
63 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
151 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
145 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
153 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
235 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
494 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
685 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
816 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
826 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
901 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1304 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1320 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1398 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1486 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1692 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1691 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»