8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2021 1439 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАҒЫ ӨНЕР ҮЙІ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін, 25 мамыр күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған  Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруі  кезінде облыстағы құрылыс жұмыстарын баяндады. 

Облыс басшысының мәліметінше, 2021 жылы кезекте тұрғандар үшін Орал және Ақсай қалаларында 324 пәтер және ауылдық елдімекендерде 139  пәтер беріледі.  Сонымен қатар жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 1042 пәтер жоспарланған және дәрігерлер мен полиция қызметкерлері үшін үй салынады.

Өткен жылы облыстағы үш мектептің  құрылысы аяқталған болатын. Нәтижесінде  үш ауысымды мектептер саны 7-ден 4-ке азайды. Сондай-ақ 1 апатты мектептің мәселесі шешілді.  Қазіргі уақытта 10 мектептің  құрылысы жүруде, оның екеуі жеке инвестиция салынуда. Жыл соңына дейін 4 меткептің  құрылысы тәмамдалады.

– Былтыр жеке инвесторлар есебінен 1 университет және 3 колледж студенттеріне арналған 1 мыңға жуық орны бар жатақханалардың құрылысы басталып, біреуін пайдалануға бердік. Осы жұмыстарға инвесторлар тарту арқасында жергілікті бюджеттің 6,5 млрд. теңге қаражатын үнемдедік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде өткен жылы аудандарда 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынса, биыл 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде,  – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Бұдан бөлек, облыс орталығында салынып жатқан 900 орындық көпфункционалды Өнер үйі де Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілмек.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
112 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
87 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»