8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2021 1207 0
Қоғам

БҚО-ДА 112 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП, 1500-ДЕН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Облыста 2021 жылы 1500-ден астам  жұмыс орнын құра отырып,  жалпы құны 50 млрд. теңгеге 112 түрлі жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл туралы бүгін, 25 мамыр күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған  Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруі  кезінде мәлім етті. 

БҚО мұнай-газ саласындағы инвестицияларға өте тәуелді. Мұндай тәуелділікті болдырмау үшін облыс орталығы маңында 281 гектар аумақтағы индустриалды аймақтың құрылысы басталды. Облыс басшысы алғашқы инвестор, Нидерландымен бірлескен кәсіпорын екенін хабарлады.  Олар болашақта жалпы аумағы 56 гектарды құрайтын заманауи өндірістік жылыжайлардың құрылысын бастаған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының жоғары қосылған газды қайта өңдеуді дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысуымен терең мұнай өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда және сұйық метанол өндірісінің құрылысын бастау жоспарлануда.

– Сондай-ақ заманауи құю өндірісі, керамикалық қаптайтын кірпіштер өндірісі, керамзит қиыршық тасын өндіру, «Сырым» көлік-логистикалық кешені, жұмыртқа өндіруге арналған құс фабрикасы, жарықдиодты прожекторлар өндірісі, агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы,  – деп жоспарланған инвестициялық жобалар туралы атап өтті облыс басшысы.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»