АРДАГЕРЛЕРГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тапсырыстарына сәйкес дәрі-дәрмектер жеткізілді. Сондай-ақ мерекеге орай естелік сый жасалды. Мұндай мерекелік құттықтау қала әкімдігі мен қаламыздағы «Талап» АҚ-ның бастамасымен іске асырылды.
Бұл күні жалпы алты ардагерге тапсырыстары жеткізілді. Ардагерлер ерекше ілтипатпен дәрілерді табыс еткен меймандарға алғысын айтты.
– Шын жүректен алғысымды айтамын. Келгендеріңіздің өзі үлкен мәртебе. Отанды қорғау жолында қасқая тұрған жауынгерлерді ұмытпағандарыңыз үшін рахмет, – деді майдангер Борис Шолубай.
Ұлы Отан соғысының ардагері Борис Шолубай 1924 жылы 13 ақпан күні Украинаның Винница облысына қарасты Немиров қаласында өмірге келген. Соғыс жылдарының бастапқы кезеңінде Луганск маңындағы қырман жұмысына жіберілді. Одан кейін Днепр өзені бойындағы құрылыс нысанында жұмыс істеді. Ал майданға жолдастарымен бірге өзі сұранып барған. Көп уақыт өтпей Запарожьені алу майданында ауыр жараланып, дала госпиталінде ем алған. Одан соң Венгрия аумағындағы соғыста тағы да ауыр жараланады. Ал 1945 жылдың ақпанында аға лейтенант шенімен елге оралған екен. Бүгінде 97 жасты алқымдаған ардагердің жағдайы жақсы, әр сөзі нық.
Бүгінде Орал қаласында Ұлы Отан соғысының 28 ардагері тұрады. Жергілікті әкімдік тарапынан олардың жағдайлары ұдайы бақылауда және қажетті көмектер көрсетілуде. Мәселен, қазіргі уақытта қаладағы барлық соғыс ардагерлерінің үйлеріне меценаттардың демеуімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Сисенованың айтуынша, жөндеу-жаңғырту жұмыстары әр ардагердің сұранысына қарай жасалуда.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру

Пікір үстеу