8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2021 2186 0
Қоғам

ОРАЛДА «БАТЫСТЫҢ БАТЫР ҚЫЗДАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

5 мамыр күні қалалық көрме залында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Батыстың батыр қыздары» онлайн көрмесі ашылды. Аталған шара сауда үйлерінде  жалғасын тапты. Көрме Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміннің Мәдени-ағарту бірлестігі және «Жұлдыз» комьюнити орталығының ұйымдастыруымен өтуде.  

Қалалық көрме залында ашылған шара батыр қыздарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев батыр қыздардың ерлігі ел жадында мәңгілік сақталатынын  айтып, мерекеге орай алдағы күндері өтетін шаралардан да  хабардар етті.

Салтанатты шараның қонағы М.Өтемісов атындағы БҚУ -дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Ұлы Отан соғысына қатысқан БҚО қазақ қыздары» монографиясының авторы Бақтылы Боранбаева батыр қыздар өмір жолдары әлі де зерттелуді қажет ететін тарих екенін және олардың даңқты жолын болашаққа  жеткізу ұрпаққа аманат екенін тебірене айтып өтті.

«Жұлдыз» комьюнити орталығының үйірме жетекшісі Орынбек Меңдіқұл ержүрек әпкелердің ерлігін жырына арқау етті.

Жауынгер қыздар ұлықталған көрме «Бәйтерек» комьюнити орталығының тәрбиеленушісі, халықаралық «Славян базары – 2021» байқауының финалисті  Әлинұр Хамзинның орындауында «Шығыстың қос жұлдызы»  атты әнімен тәмәмдалды.

«Батыстың батыр қыздары» атты көрмесі  6-шы шағынаудандағы   Azia Mall сауда үйіне қойылды. Оралдықтар мен қала қонақтары бұл жердегі көрмені  8 наурыз кешкі сағат 17.00-ге дейін тамашалап, батыр апаларымыздың өмір жолы туралы деректермен таныса алады.  Ал 10 мамырдан бастап бұл көрме Атриум сауда үйінде көпшілік назарына ұсынылады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
83 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
370 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
391 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
368 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»