8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Мамыр 2021 1270 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА СОҒЫС БАЛАЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ АНЫҚТАЛДЫ МА?

Соғыс ардагерлерінің қатары сиреп, балалық шағы соғыс жылдарына тура келген азаматтардың өзі 80 жасты еңсеріп қалды. Біз осыған дейін осы мәселені көтеріп, соғыс балаларының мәртебесін анықтаудың кезі келгенін жазғанбыз. Себебі  Қазақстанда кейбір посткеңестік елдерден айырмашылығы соғыс балалары ерекше мәртебеге ие емес және жәрдемақы алмайды. Балалық шағын соғыс ұрлаған азаматтар тыл ардагерлері санатында да емес.   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бүгін журналистермен кездескен кезде олардың соғыс ардагерлерімен теңестірілмеу себебін  түсіндірді.

Қазақстанда тиісті заңды қабылдауға талпыныс жасалды 2011 жылы сол кездегі Сенат депутаты Хусаин Уәлиев Үкімет басшысына Ұлы Отан соғысы ғана емес, тыл еңбеккерлері­нің қатары да сиреп келе жатқанын, «соғыс уақы­тындағы бала­лар» атты әлеуметтік санат жоқ екенін ай­тып, «Соғыс уақы­тындағы балалар және олардың мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу, оны қабылдасақ игі деген ой тас­таған еді. Бірақ бұл сауал хабарсыз кетті.

Сарапшылар қазір 1936 жылға дейін туғандарды соғыс және тың ардагерлері деп атайтынымызды, жыл сайын  осы санатқа қосылатын адамдардың жасын жоғарылатуға болатынын айтады. Олардың пайымынша, 1937-1945 жылдары туған азаматтарды да осы санатқа қосуға болады. Соғыс ардагерлерінің тең жартысы үлкен қалаларда тұрады. 1937-1945 жылдары туған азаматтардың қанша екенін анықтау қиын емес.
Посткеңестік кеңістіктегі соғыс баласын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде туылған немесе соғыс аяқталған кезде олар әлі 18 жасқа толмаған адамдар деп атайды. Қазақстанда Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2020 жылы 472 мың адам болған, олардың балалық және жастық шағы осы жылдарға сәйкес келген.  Украинада «соғыс баласы» термині заңнамада бекітілген. Олар жәрдемақы мен зейнетақы үстемесіне құқылы.  Қазақстандағы қолданыста жүрген заңдарда «соғыс балалары» ұғымы және олар үшін әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылмаған.  Шындығында, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің еліміздің аумағында тікелей ұрыс қимылдары болған жоқ », деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.  Ресейде  федералдық заңнама деңгейінде «соғыс балалары» ұғымы да жоқ, бірақ кейбір аймақтарда (мысалы, Амур, Белгород, Пенза облыстарында) оларға зейнетақы төлемдері беріледі.

«Егер біз Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының тәжірибесін алатын болсақ, онда ең алдымен осы кезеңдегі жұмыс тәжірибесіне баса назар аударылады.  Қазақстанда бұл санаттағы азаматардың жалпы саны  – 80 мыңнан асады», деп толықтырды Әукенов.

https://egemen.kz/article/273999-qazaqstanda-soghys-balalarynynh-martebesi-anyqtaldy-ma

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
151 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
182 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
433 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
916 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1293 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1178 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1651 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2269 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2441 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2493 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2496 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2093 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2975 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3027 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3022 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3638 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3604 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3595 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3570 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3731 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»