8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2021 1702 0
Қоғам

«САДАҚА ӨТКІЗУДІ ТОҚТАТУ КЕРЕК»

«Ауыл-аймақта садақа өткізуді тоқтату керек».  Бүгін облыс әкімдігінде өткен жеделштаб отырысында осылай деген  Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, өңірдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Сондықтан аймақ басшысы ауыл әкімдері мен имамдардың садақа секілді азалы жиындар өткізбеуге күш салуын талап етті.

 

Өйткені науқастардың 35 пайызы осындай басқосудан ауру жұқтырады екен. Сондықтан қаралы үйге көңіл айта келгендерге жағдайды түсіндіріп, карантин талабын сақтауды ескерту керек. Үйге адам жинамай, садақаны көшеде де өткізуге болады, – дейді әкім.

– Жағдайымыз былтырғыдан да нашар. Ең қауіпті, қиын ай өткен жылы шілде айында болды. Онда күніне 120-130 адам осы вирусты жұқтырса, қазіргі кезде күніне 180-200 науқас тіркеледі. Яғни, былтырғыдан да жағдай нашар. Мұнда тек антына адал жүрген дәрігерлеріміздің арқасында ғана аман қалып отырмыз,– деді облыс әкімі Ғали Есқалиев. Айта кетелік, ертеңнен бастап, Орал қаласы мен облыс аудандарында 19 блок бекет қойылып, көлік қозғалысы шектеледі. Облыстағы 17 инфекциялық стационардың тең жарымы науқасқа толған. Ал жыл басынан бері ауыр індеттен 107 адам көз жұмыпты.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
116 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
91 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»