200-ДЕН АСА ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Өңірде БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бірлік күніне арналған 200-ден астам іс-шара жоспарланып, оларды өткізу бойынша жұмыстар бастау алды. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шаралар туралы Қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Медхат Қамбетов айтып берді.
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында біз ауқымды да табысты жетістіктерімен Ассамблеяның басты және маңызды мерекелерінің бірі – Бірлік Күнін атап өткелі отырмыз. Қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудың қуатты институты ретінде кең ауқымды мәселелерге жетекшілік ете отырып, үйлестіріп келеді. Заман талабына сәйкес бүгінгі таңда алдымызда этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтаудан бөлек, жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыруға және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған жаңа міндеттер қалыптасты. Өз қызметі аясында барлық этностарды қазақ халқының айналасына шоғырландыру, басты ұлттық құндылықтарды – бірлік, достық пен келісімді сақтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жұмыс жоспарына сәйкес өңірде БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бірлік күніне арналған 200-ден астам іс-шара жоспарланып, оларды өткізу бойынша жұмыстар бастау алды, – дейді Медхат Мұсаұлы.
Бұл ҚХА кафедрасының ғылыми конференциясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Амирханянмен онлайн кездесу, «30 игі іс» республикалық марафоны аясында «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциялары, Ассамблея мүшелерінің әлеуметтік желілердегі онлайн құттықтаулары, ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің мақалалары, концерттік бағдарламалар және тағы басқа.
Медхат Мұсаұлының айтуынша, дәл мереке күні «Достық» үйінде «30 игі іс» республикалық марафоны аясында, БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен еріктілерінің қатысуымен «Қайырымдылық керуені» бастау алып, «Біз – Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты жастар флешмобына жалғасады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Бірлігі күніне орай этномәдени бірлестіктер жанындағы балалар ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу