8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2021 1561 0
Қоғам

КОЛЛЕКТОРЛАР ЕНДІ БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҚОҚАН-ЛОҚҚЫ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ

Коллекторлық жосықсыз агенттіктер енді өткеннің еншісінде қалатын болды. Бүгін сенаторлар қабылдаған заң оларға бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті болады. Сенаторлардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, несие тарихы нашар адамдар енді аса қажет болған жағдайда несие ала алады. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған түзетулерге сәйкес бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарады.

Азаматтардың несие тарихын сақтау мерзімі де маңызды мәселе болып отыр. Банктер өткен 10 жылда қарыз төлемдерінің мерзімін өткізіп алған адамдарға кредит беруден бас тартады. Несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда біздегі 490 мыңға жуық отандастарымыз қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға мүмкіндік алады, – деді сенатор Ольга Перепечина.

Заңда банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша проблемалы берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Енді мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тәртібі көзделіп отыр, ол банктердің қарыздарына ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне де қолданылады. Сондай-ақ қарыз алушылардың кредиторларға өтініштерін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.

https://kaz.zakon.kz/5067126-kollektorlar-end-boryshkerlerge-o-an-lo.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
118 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
93 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»