8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2021 1893 0
Қоғам

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛСА…

           Қарияларымыз – халқымыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың қадірлі қазынасы. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Бәріміз білетін және жиі айтатын бұл сөз – халқымыздың қадірлі ұғымының бірі. Жалпы қанатты қағидалар қағаберісте, жай әншейін айтыла салмайды. Өмірден көрген түйін, тұрмыстан көрген тәжірибе бағалы сөздің салмағын санаға салады. Сондай жанның бірі Ақ Жайық өңіріне еңбегі сіңген, Орал қаласының қалыптасуына үлес қосқан, бүгінде ел ағасынан абыз ақсақалға айналған қоғам қайраткері, «Зерде-Память» қорының төрағасы, ардагер  Қуанышбай Төлебайұлы  жасы 70-тен асса да елдік мәселелерді көтеріп, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр.  Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай зиялы қауым өкілдерімен бірге теміржол вокзалы алаңындағы В.И.Чапаевтың ескерткішін Ақжайық ауданына көшіріп, осы тұғырға «Қазақ елі» монументін тұрғызып, алаңды «Тәуелсіздік алаңы» деп атау жөнінде ұсыныс білдіріп жүрген Қуанышбай ағамыздан мәселенің мән-жайын сұраған едік.

    

–  Бұл мәселе, мені көптен толғандырып келеді. Осы орайда қоғам белсенділерімен ой бөліскенімде, пікіріміз бір жерден шықты. Расында, теміржол вокзалындағы 1984 жылы орнатылған Чапаев ескерткіші  егемен еліміздің еңсесін түсіріп тұр. Теміржолмен келген жолаушыны алдымен қылышын көкке көтеріп, жер тарпыған тұлпарымен Чапаевтың қарсы алуы ақылға сыймайды.

Мемлекет басшысы бастап, зиялы қауым қолдап, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту барысындағы игі жұмыстар басталуда. Соның ішінде Қазақстанның «Батыс қақпасы», еуразиялық орталық саналатын БҚО орталығы Орал қаласының геосаяси орны, рухани тарихы айрықша белгілі. Осыған байланысты өлкемізде тарихымызды, тұғырымызды бекітетін бір үлкен өнегелі іс керек боп тұр. Бірінші, Орал қаласынның орталығында Тәуелсіздікке, егемендікке, бостандыққа, бірлікке шақыратындар орындар, ескерткіштер, орталықтар керек.  Бірақ, солардың кескін-келбеті айрықша құнды, бай болуы керек. Теміржолдың қасында үлкен алаңымыз бар, сол алаңға Кеңес дәуірінде зорлық-саясаттың нәтижесінде орнатылған Чапаев ескерткіші  халықтың  көңілінен шықпайды. Осы мүсінді шындап қолға алсақ,  Чапаев ескерткішінің төрт бұрышын ағытып, қалалық саябақтағы бұрынғы тарихи тұлғалар тұрған қатарға апарып қоюға болады. Еш қиындығы жоқ. Қаржылай шығын да кетпейді. Соның орнына егемендіктің нағыз туын көтеретін, қаламыздың  ажарын ашатын, алыстан «мен мұндалайтын», рухымызды көтеретін ескерткіш керек, – дейді Қ.Төлебаев.

Сол секілді Қуанышбай ағамыз Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласына Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату  жөнінде де ұсыныс білдірген екен. Елдегі пандемия жағдайы тұрақталған соң  Абай ескерткішін орнату жұмыстары жергілікті әкімдікпен жүргізіледі деген сенімде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
272 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
265 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
560 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1032 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1408 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1256 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1767 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2386 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2549 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2556 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2606 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2612 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2171 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3090 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3144 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3136 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3758 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3719 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3709 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3684 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3847 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»