8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Сәуір 2021 2118 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Батыс Қазақстан облысында үстіміздегі жылы кардиологиялық орталық мәселесі түбегейлі шешімін табады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз кардиологиялық орталықта орын жоқ.  Науқастардың уақыт өткен сайын жасаруы мен түрлі себептермен бұл ауруға шалдығушылар қатарының артуы медициналық мекемеде бірнеше жылдан бері орын тапшылығы мәселесін тудыруда.  Ал өңірдің денсаулық сақтау ісіне жауапты шенеуніктер, тығырықтан шығу жолын іздеп әлек.

Облыстық кардиологиялық орталық 140 адамға шақталған. Бірақ дәрігер көмегіне жүгінгендердің саны одан да көп. Сондықтан палата босағанға дейін жүрегі сыр берген сырқаттар дәлізде емделеді. БҚО кардиологиялық орталық директорының орынбасары Эльмира Сүйеуғазиеваның айтуынша, осыдан үш жыл бұрын заман талабына сай, жаңа типтік кардиоорталықтың салу мәселесі көтерілген. Бірақ, былтыр коронавирус індетінің кесірінен бұл жоспар жоба күйінде қалыпты. Әрі орталық COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін «лас» және «таза» аймақ болып екіге бөлініпті. Орын тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр.

Айта кеткен жөн, науқастар уақыт өткен сайын жасарып келеді. Күз бен қыс мезгілінде саулығы сыр бергендер күрт көбейіп, бір күнде 60-тан аса науқас орталыққа жеткізіледі екен. Облыстың бас дәрігері бұл мәселе биыл шешілетінін мәлімдеді. Алайда жаңа емдеу мекемесінің нақты қай жерде және қай уақытта бой көтеретінін дөп басып айтқан жоқ.

Бір ескере кететін жағдай,  осы кезге дейін құрылысы аяқталмаған түрмені емдеу мекемесіне айналдыру туралы мәселе жабылған. Жаңа емдеу мекемесіне өзге орын қарастырылуда.

– Қазіргі кардиоорталық, бұрын Кеңес үкіметі кезінде шипажай болған ғимаратта орналасқан.  Нысан қажеттілікке сай қайта жабдықталғанымен, сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Әрі кетсе, мұнда 200 адамды  емдеуге болады. Бірақ өңірге жаңа орталық ауадай қажет. Жоспар мен ұсыныс басшылыққа жеткізілді.  Бұл туралы ақпаратты алдағы уақытта жариялайтын боламыз, – деді  БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»