8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Сәуір 2021 1068 0
Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Қала әкімдігі жанынан құрылған мониторинг топтар қоғамдық көліктерде  карантиндік талаптардың сақталуына бақылау жүргізуде. 6 сәуірдегі  кезекті тексеріс барысында № 1, 2, 5, 7, 20, 22 маршруттар бойынша 154 автобус тексерілді.

Қалада 29 маршрут бойынша күніге 400-ден аса автобус желіге шығады.  Қала әкімдігі тарапынан жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелерге қоғамдық көліктерді дезинфекциялау, кондукторлар мен жүргізушілердің өздері бетперде режимін сақтап, жолаушыларға да ескерту жасауы қажеттігі түсіндірілген. Жыл басынан бері жалпы 32 жүргізуші мен кондуктор карантиндік талапты сақтамағаны үшін айыппұл төлеген. Әріптестеріне қолданылған шара өзгелеріне сабақ болды. Бүгінде жүргізуші-кондукторлар талапты бұлжытпай орындаудың эпидемиологиялық және қаржылық маңыздылығын ұғынғандай. Десе де жолаушыларға әлі де түсінік жүргізілуі қажет. Қазіргі уақытта бақылау көрсеткендей, жүргізушілер мен кондукторлар ескерту жасағанымен, кейбір жолаушылардың бетперделік режимге немқұрайлы қарайтындары бар.

–  Автобусқа мініп жатқан жолаушыларға ескертіп тұрамын. Бәрінен талап етемін. Ескертуден соң қалталарынан шығарып тағып алатындары бар. Бірақ, кейбірі тыңдамайды, – дейді №22 маршруттың кондукторы Малика.

№5 маршруттың кондукторы Динара Серғазиева әсіресе таңертеңгілік  уақытта  бетпердесіз жолаушылар жиі мінетінін айтады.

–   Бетпердесіз жолаушыларды мінгізбеймін. Бірақ, таңғы уақытта жұмысқа шығатындар бар. Дәріхананың жабық тұрғанын айтады. Автобус салонында антисептик бар. Қосымша бетперде бар, – деген Динара белгіленген талаптың сақталуын назарда ұстайтынын айтты.

Бірнеше автобусқа арнайы мінген мониторингтік топ мүшелері жолаушыларға қазіргі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігі, бетперделік режимді сақтау талабы туралы түсіндірді. Сондай-ақ карантин талабын бұзу – 30  АЕК мөлшеріндегі айыппұл салуға әкелетінін ескертті. Мониторинг топ құрамындағы полиция қызметкерлері қоғамдық көлік ішінде бетперде режимін сақтамағаны үшін 11 адамнан түсініктеме алды. Алынған түсініктемелер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді. Сондай-ақ бетпердесіз жолаушыларды қоғамдық көлікке кіргізген жүргізушілер мен  кондукторларға қатаң ескерту берілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
68 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
141 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
369 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
852 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1230 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1137 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1589 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2205 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2369 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2377 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2428 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2432 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2912 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2966 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2960 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3573 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3541 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3532 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3507 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3668 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»