БҚО-ДА ТҮНГІ ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕЛДІ
Бүгін, 6 сәуір күні БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев №10 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Жаңа қаулыда түнгі уақыттағы қозғалысты шектеу, қажет болған жағдайда http/www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелу қажеттігі айтылған.
«Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдарының (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процессін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысын сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеу;
Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарына жеке көліктерімен шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару, дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар «109» телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе http/www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелуі тиіс қажет.» деп жазылған қаулыда.
Қаулы 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу