ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҮШ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ОРЫНДАРДЫҢ ТОЛЫМДЫЛЫҒЫ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Бүгін, 5 сәуір күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирустың алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.
Коронавирус инфекциясы бойынша БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуал күрделі. Бүгінде Орал қаласындағы инфекциялық ауруханалар толымдылығы 90-пайызды құрайды. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 77 адам қайтыс болған.
– Аурудың өсу қарқыны тоқтамаса, өткен жылғы жаздағы жағдай қайталанады. Ауруханаларда орын болмай қалуы ықтимал, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Сондай-ақ өңір басшысы коронавирус індетінің қаупін еске салып, бұл кеселді жеңудің ең басты құралы – вакцина және санитарлық талаптарды сақтау шаралары екенін атап өтті. Осы орайда тұрғындар арасында вакцинаның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, вакцинаны аудандарға шалғай ауылдарға жеткізу, сақтау мәселелерін кедергісіз реттеуді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудан әкімдіктеріне тапсырды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың мәліметінше, бүгінге дейін 6 мыңдай адам вакцина алған. Олардың 3099-ы – медицина қызметкері, 1468-і – педагог, 566-ы – құқық қорғау қызметкері. Сәуір айында ірі көлемдегі вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Алдағы күндері ірі кәсіпорындарда қызмет ететін 4000-нан аса адамға екпе салынады.
Бұдан бөлек облыс басшысы өңірде той-томалақтың тоқтамай тұрғанын атады.
– Ауыл тұрғындары қалаға келіп той жасап жүргені туралы ақпарат түсуде. Адамдарды алаламай, бәріне бірдей шара қолдану қажет. Той ұйымдастырушыларға ғана емес, тойға қатысқандарға да айыппұл салынуы тиіс. Еліміз бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында күніге 400-дей ауру жағдайы тіркелуде. Ауру жағдайы бойынша одан кейінгі орында біздің өңір тұр. Бүгінгі таңда аурушаңдықтың артуына байланысты шектеу шараларын қатаңдатуға тура келіп отыр. Тек тәртіп арқылы бұл індетпен нәтижелі күресе аламыз, – деген Ғали Есқалиев облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесе қатаңдатылған шектеу шараларын қабылдау мәселесін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ түнгі қозғалыс, мейрамханалардың жұмыс кестесін қайта қарау қажеттігін айтты.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу