800 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ САЛЫНАДЫ
«Nur Otan» партиясы БҚО филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары бекітілген Жол картасында алдағы бес жылда өңірдегі жолдардың сапалық деңгейін көтеру, осы орайда бес жыл ішінде облыс аумағында 800 шақырымдай жолдың салынуы көзделіп отыр. Бұл туралы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев сұхбатында айтты.
– Жол туралы айтсақ, біздің ойымызға бірден Жәнібек пен Бөкей ордасы ауданы түседі. Партия төрағасы, Елбасы осы екі ауданға жол салуды тапсырған еді. Бастапқыда қаражат бөлінді. Мердігерлері анықталып, жол құрылысы басталды. Бірақ, бюджет жағдайына байланысты былтыр жол мәселесі тұрып қалды. Өйткені, өкінішке орай, пандемияға байланысты қаражаттың көпшілігі әлеуметтік салаға жұмсалды. Ал биыл қуантарлық жағдай – 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Қыс бойы құрылыс материалдарды жеткізілді. Әрине, бір жылда бітпейді бұл жоба. Дегенмен, «Nur Otan» осы екі ауданның жол құрылысын назарда ұстайды, – деді Мұрат Рахметұлы.
«Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында бес жылдың ішінде жолдың сапалық деңгейін көтеру көзделген. Бүгінде облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 31 пайыз ғана. 2025 жылға дейін 50 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр.
– 2021 жылы – 143 шақырым автожолды жөнделеді. Бұл – облыстық және аудандық маңыздағы жолдар. 2022 жылы – 224 шақырым жол асфальтталады. Жалпы, бес жыл ішінде 800 шақырымдай жол салынады деген жоспар бар. Осылайша, әр ауданға асфальтталған жол салынатын болады. Әрине, өмір бір орында тұрмайды. Болашақтың қаражаты мүмкіндік берсе, ауылдық окургтердің жолдары да жасалады, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
«Жайық үні-Жизнь города» газеті
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу