ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 180 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Самал көшесі, 92-үйден баспанаға мұқтаждар кезегінде тұрған және «Отбасы банк» салымшыларына 180 пәтер пайдалануға берілді.

Алыстан «мен мұндалаған» тоғызқабатты үй құрылысын «Болашақ-Т» құрылыс компаниясы жүргізген. Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан облыс əкімі Ғали Есқалиев оралдықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа пәтер иелеріне «құтты болсын» айтты.
– Мереке қарсаңында «Болашақ-Т» серіктестік басшысы Асқар Жасенұлы сіздерге үлкен сый жасап, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспаналы болып отырсыздар. Қуаныштарыңыз ұзағынан болсын. Үйдің сапасына қатысты қандай да болмасын ескертпе, ұсыныстарыңыз болса, тыңдауға әзірміз. Бір жылдың ішінде осындай зәулім де сапалы тұрғын үйді пайдалануға берген компанияға алғыс білдіреміз. Баспаналарыңыздың іші берекеге толсын, тек шаңырақтарыңызда жақсы жаңалықтар болсын, – деді өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.
Орал қалалық Тұрғын үй жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиевтың айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде әр санат бойынша 21 мыңдай азамат тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша беріліп жатқан бұл үйде бір бөлмелі – 72, екі бөлмелі – 72, үш бөлмелі – 36 пәтер бар. Бағдарлама бойынша негізінен бюджеттік, мемлекеттік ұйымдардың кезекте тұрған азаматтары конкурстан өтуде. 2020 жылдың қараша айында іске қосылған аталмыш бағдарламаның талабы негізінде бастапқы жарна 10 пайызды құрауы керек. Бүгін пилоттық жоба бойынша алғашқы үй тапсырылып отыр. Бір бөлмелі пәтер құны – 5 млн. 600 мың теңгені құраса, екі бөлмелік пәтер – 8 млн. 400 мың теңге тұрады. Ал үш бөлмелік пәтер құны – 11 млн. 620 мың теңге.
Облыс әкімі алдымен 55 пәтер тұрғыны Тимур Бисенғалиевтың пәтеріне бас сұқты. Тимур – ішкі істер қызметкері. Баспана кезегіне 2008 жылы тіркеліпті. – Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасымен көптен күткен арманымыз орындалды. 18 жылдан бері пәтер жалдап келеміз. Қазір үш балам бар. Жаңа пәтер құнын әлі он жыл, айына 80 мыңнан төлейміз. Бастысы – енді өз шаңырағымыз бар, – дейді Т.Бисенғалиев.
Ал Орал қаласындағы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкері Шаттық Ғұмарова 11 жылдан бері үй кезегін күтіп келеді екен. – Өткен жылдың желтоқсан айында конкурсқа қатысып, бірінші қабаттан екі бөлмелі кең, жарық пәтерге қол жеткіздім. Қуанышым шексіз. Осы күнге дейін жұмысқа Подстепное ауылынан қатынап жүрдім. Бұл күнді қанша армандадым, – дейді ол қуанышын жасыра алмай.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу