ҚАЗАҚСТАНДА БИЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 150%-ҒА ДЕЙІН ӨСЕДІ
Қазақстанда биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы өседі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне қарасты мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Жарқын Тілеукенов айтты. ақпарат агенттігі.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшеді.
«Бұл жалақы жүйесі әдеттегі механикалық жалақыны көтерумен байланысты емес. Бұл мүлдем жаңа институционалдық құрал, онда біз мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеу тәсілдерін қайта қараймыз», – деді Жарқын Тілеукенов
Спикер егер ескі жүйе бойынша жалақы деңгейі атқаратын лауазымының деңгейіне байланысты анықталса, жаңа жүйе лауазымның маңыздығын ескеретінін атап өтті.
«Яғни, осы лауазымда тиімді жұмыс істеу үшін құзыреттердің қаншалықты және қандай спектрі мен сапасы, өкілеттіктер шеңбері, жауапкершілік шеңбері қажет. Бұл лауазымдар өзара салыстырылады, нәтижесінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты іске қосылады», – деп түсіндірді директор.
Жарқын Тілеукенов айтуынша, сараланған еңбеақы жүйесі 2018 жылдан бері ілкі жоба ретінде қолға алынып, тиімділігін дәлелдепті.
«Бүгінде «бірдей еңбекке – бірдей төлем» қағидаты бойынша бөлу жобасы әзірленді. Енді лауазымдарды блоктар бойынша бөлу әдістемесі жасалып жатыр. Яғни, маманның лауазымы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қаншалықты әсер ететітіні сараланады. Стратегиялық лауазымдар блогы болады, одан бөлек мемлекеттік органның қызметін техникалық тұрғыда сүйемелдейтін лауазымдар бар. Осы блоктардың қайсысында жұмыс істегеніне қарай еңбекақы мөлшері сараланып белгіленеді.
Жалақының номиналды мәні бойынша есеп айырысуды қазір уәкілетті органдар жүзеге асырады.
«Негізгі күш ауылдық және аудандық деңгейдегі қызметкерлердің еңбекақысындағы алшақтықты қысқартуға салынады. Жалпы жүйе бойынша алсақ, алдын ала болжанып отырған өсім 150-ден 30% дейін», – деді Жарқын Тілеукенов.

Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу