«МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ 24 НАУРЫЗДА АЯҚТАЛАДЫ
Олимпиадаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 24 ақпанда басталған. Тіркеу 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізілуде. Тіркеуді интернет желісіне қосылған кез келген компьютер (үйде, мектепте және т.б.) арқылы орындауға болады, олимпиадаға тіркеуді ұялы телефон арқылы да жүргізуге болады. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары З.Ғұмарова облыс оқушыларын олимпиадаға қатысуға шақырды.

Бұл тек ауыл оқушылары арасында ғана өткізіліп, оларға қосымша әлеуметтік лифт ретінде қарастырылатын алғашқы ауқымды жоба. Өйткені түрлі олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауыл балаларының аз қатысатынын көрсетеді. Статистика бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларға ауылдық мектеп оқушыларының 13-14 пайызы ғана қатысады екен. Бұл олардың дайындық деңгейіне және олимпиада өткізілетін орындардан алшақтығына байланысты. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауыл оқушыларын ғана қамтитын «Мың бала» ұлттық олимпиадасын жыл сайын ұйымдастыруды қолға алған болатын.
Олимпиада жеңімпаздары еліміздің үздік мектептерінде білім алуға, сондай-ақ қашықтан академиялық қолдауға қол жеткізуге мүмкіндік алады.
-Мысалы, 6-сыныпта оқитын жоба жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мектептерде: «Білім-Инновация» лицейінде, Республикалық физика-математика мектебінде және «Дарын» мамандандырылған мектебінде оқу үшін грант алу мүмкіндігі берілді. 5-сыныптарда оқитын жүлдегерлерге Елбасы Академиясының «Бірге оқу» онлайн-мектебінде пәндік дайындық қарастырылған. Мысалы, өткен жылдың қатысушылары үшін еліміздің жетекші педагогтары (НЗМ, РФММ, астаналық лицейлер) 40 мыңнан астам онлайн сабақ өткізді. Сонымен қатар, барлық 1000 жеңімпазға қашықтан оқыту режимінде оқуға ынталандыру үшін ноутбуктер берілді, – деді Зәуре Ғұмарова.
Олимпиада тегін өткізіледі, оған 5 немесе 6-сынып оқушылары қатыса алады. Қатысуға арналған басты ереже – үміткерлер соңғы екі оқу жылында Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде білім алуы тиіс, сонымен қатар олимпиадаға 2020 жылы қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушыларына да қатысуға рұқсат етіледі.
Жоба порталындағы тіркеу нысаны Білім министрлігінің талдау орталығымен бірлесіп жұмыс істейді, егер өтінішті қалалық жердегі оқушы берсе, оған автоматты түрде бас тарту туралы смс хабарлама келеді.
Олимпиаданы өткізу кезінде оқушылардың танымдық және академиялық дағдылары онлайн және офлайн режимінде компьютерлік тестілеу арқылы бағаланады. Олимпиада тестілерін кәсіби мамандардың жұмыс тобы тест сұрақтарын әзірлеудің халықаралық стандарттарын ескере отырып құрастырды және ол еліміздің ауыл мектептерінің оқушыларына бейімделді.
Тестілеу нәтижелерін өңдеу «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының онлайн платформасында статистикалық және психометриялық талдау әдісімен автоматтандырылған. Бұл оқушыларды тест сұрақтарының күрделілік деңгейіне сәйкес әділ бағалауға және апелляция қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау мақсатында «Ел Үміті» жалпыұлттық бастамасын ұсынды. Бүгінгі күні бұл бастаманың жобаларына еліміздің 1,5 млн. астам азаматтары тартылған. Олар оқушылар, студенттер, ата-аналар, педагогтар, жұмыс істейтін жастар. «Ел Үміті» жобаларының барлығын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы жүзеге асырады. Өткен жылы олимпиадаға біздің өңірдің 5 және 6-сынып оқушыларынан 9 мыңнан астам бала қатысып, 98 оқушы жеңімпаз атанды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу